Көшербаев Әбдірахымов қызметінен не үшін алынғанын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мегаполистің бұрынғы басшысының әрекеті президенттің ашуын келтірді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Ғабидолла Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді, деп мәлімдеді президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев.

«Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі кездегі басты міндет – сенім, халық пен билік арасындағы үнқатысу. Ғабидолла Әбдірахымов еліміздегі ең жоғары және жауапты қызметтерге тағайындалып, ел басшылығының қолдауы мен сеніміне ие болғанын білесіздер. Өкінішке қарай ол мұны жете түсінбеді», — деп мәлімдеді Көшербаев.

Тағы оқыңыз: Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Президент әкімшілігінің басшысы экс-әкімнің жүріс-тұрысы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі баяндалғанын атап өтті.

«Бұл жағдай адамдардың көпшілігі мемлекет көмегіне зәру кезде, Арыс қаласы қалпына келтіріліп, Түркістан қайта өрлеп, ел жаңа уақыттың жаңа сын-қатерлеріне жауап іздеп жатқанда болып отыр. Ол мемлекет басшысының нұсқауына қайшы келеді, жалпы алғанда биліктің беделін түсіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді», — деп қорытындылады Қырымбек Көшербаев.

Ол халық биліктің барлық тармағының адал атқарған жұмысына лайық екенін атап өтті. Осыған байланысты өңір басшылары халықтың нағыз қызметшісі болып, өзін-өзі үйлесімді түрде ұстауы керек.

Айта кетейік, 30 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов Әбдірахымовтың орнына Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.  



sputniknews.kz