Көшеде қолын жайған полиция қайыр сұраған сыған әйелдеріне ұқсайды
Көшеде қолын жайған полиция қайыр сұраған сыған әйелдеріне ұқсайды
Ойсалар
Қазақстан полициясы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтерінде қоғалысты реттеуші таяқшаны пайдаланбайды. Сол таяқ кімнің басына немесе намысына тиді? Өркениетте солай дейтіндей, олар ертең қырылып қалса, біз де өлуіміз керек пе? Сол таяқ жол қозғалысын реттейтін басты әрі қажетті құрал еді ғой. Қазір көшеде, жол қиылыстарында қолын жайған полицияны көргенде, қайыр сұраған сыған әйелдері көз алдыңа келеді. Әсіресе бағдаршамдар істемей қалғанда, мәселен ақшам уақытында, түнде полицияның жол ортасында қалай тұрғанын қақпай қаласыз. Тым болмаса алақанына жылтырақ бірдеңке қыстырып қоймайсыздар ма?
Күні кеше таяқтың керегін қазақ емес, өзге ұлт өкілі — Сенат депутаты Георгий Ким айтты, жол полициясына таяқшаны қайтаруды сұрап, Премьер-министрдің атына сауал жолдады.
Кімді кім десек те, Кимдікі дұрыс!
Жолдасбек Дуанабай
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 5 Пікірлер: 0