Көпбалалы аналар үй алуы үшін алғашқы жарнаны әкімдіктің өзі төлейді – Қазақстан жаңалықтары

0
153

Астанада көп балалы отбасылардың балалары үшін балабақша, қоғамдық көлік енді тегін. Тіпті, 2 пайызбен тұрғын үй алу үшін алғашқы жарнасын да жергілікті әкімдіктің өзі көтереді.

Көпбалалы аналар үй алуы үшін алғашқы жарнаны әкімдіктің өзі төлейді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов осындай уәде берді халыққа. Алайда, елордалықтарды толғандырған тағы бір мәселе – тіркеуге тұру. Әйтпесе, 21 мың теңгенін ала алмайды. Бұл сұраққа да жауап берді шенеуніктер. Бұл туралы  Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Прописка, қазіргі  астаналық аналардың жанайқайы. Егер тұрғылықты жерде тіркеуде болмаса 21 мың теңге жәрдемақыны ала алмайды. Екі министр, бір әкіммен кездесуге келген елордалықтарды толғандырған тақырыптың бірі осы.

«Времянкадан пеш жағып, күйе күйе болып отырмын. Пропискам жоқ. Бұрынғылардан уақыты келгенде шығарып тастайды. 10 баламен ешкім отырғызбайды ғой қайта қайта. Үйдің кезегіне, жердің кезегіне тұра алмаймын. Үкіметтен көмек ала алмаймын. Пособия дегенді алған жоқпын”, – деді көпбалалы ана Гүлшат Байәділова.

Бұл мәселе шенеуніктерді де қатты ойландыруда. Көп кешікпей жауабын табамыз деді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жарғақ құлағы жастыққа тимей осы сұрақпен айналысып жатыр екен.

 “Қазір ішкі істер министрлігі көпбалалы аналардың пропискасын шешу жөнінде мәселені қарап жатыр. Жақында шешімін табады”, – деді Сапарбаев.

Өңірлерді аралап келген Бердібек Сапарбаев пен Күләш Шамшидинова бүгін астаналық аналарға жаңа әлеуметтік реформаларды түсіндірді. Министрлер түсіндіріп жүргенде,  Астананың әкімі іске кірісіп кетіпті. 13 пунктен тұратын әлеуметтік бастаманы жариялады. Маңыздылары мыналар.

“Көп балалы және аз қамтылған  отбасы балалары, сондай-ақ мүгедек балалар балабақшаға тегін баруға қолдау көрсетілетін болады. Көпбалалы отбасыларының балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне тегін жолақысы берілетін болады”, – деді Бақыт Сұлтанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz