Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды
Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген. Вирус жұқтырғандардың тек 1%-і ғана балалар мен жасөспірімдер екені анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Жаңа коронавирус балалар мен жасөспірімдерге сирек жұғады. COVID-19 ауруының статистикасын зерттеген ғалымдар осындай қорытынды шығарды.
Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген. Вирус жұқтырғандардың тек 1%-і ғана балалар мен жасөспірімдер екені анықталды, деп хабарлайды Известия.
Ғалымдар мұны адамның иммундық жүйесімен байланыстырып отыр. Ол жыл сайын әлсірейді. Сондықтан ересек адамдар дертке жиі шалдығады. Сондай-ақ, ауруды созылмалы аурулар да асқындырады. Бұған қоса, ата-анасы да балаларды барынша күтеді. Балалардың вирусты сирек жұқтыруының тағы бір себебі — балалар баратын мекемелердің алғаш болып карантинге жабылуы.
Тағы оқыңыз: «Шешім қабылдадым»: Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты
Ал 60 жастан асқандар, керісінше, вирусты ең тез жұқтыратындар қатарында.
sputniknews.kz