Коронавирустан қайтыс болғандарды «жерлеу» рәсімі қазақстандықтарды шошытты (видео)

0

Қазақстандықтар бір-біріне WhatsApp мессенджері арқылы «жерлеу» рәсімі көрсетілген видеоны таратып жатыр.

Қабір қазып жатқан адам медициналық қорғаныс костюмін киіп алған, ал қабірдің өзі бос. Кейбіреулердің пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары осылайша адамдарды қорқыту үшін марқұмдар COVID-19-дан қайтыс болған деп көрсетеді. Бұл олай емес.

Шын мәнінде, видеода Бразилияның TV Vitória телеарнасы үшін пандемия кезіндегі қабіршілердің күнделікті жұмысы туралы сюжеттің түсірілімі көрсетілген. Пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүргендердің өмірі мен жұмысы туралы есептер телеарнадан ұдайы хабарланып тұрады.Бұл туралы Stopfake.kz басылымы жазды.

Бұл сюжет Бразилияның Вила Велла қаласындағы Барра-ду-Жуку зиратында түсірілген. Тілшілер Джакимара Лира зиратының қызметкері Рамос Курченің қол жуу, қорғаныс костюмін кию және жұмыс күні ішіндегі т.б. іс-әрекеттерін түсірген. Кейіннен түсірілім тобы хабарлағандай, олар кейіпкерден қабір қазу барысын көрсетуді сұраған. Бұл ретте зиратта бірнеше бос қабір болған. Дәл осы сәт ұялы телефонның камерасына түсіріліп, желіге таратылған. Әуесқойлық бейне телеарнаның ресми репортажы шыққанға дейін кеңінен тараған, сондықтан қабір қазып жатқан видео сюжетке кірмеген.

Кейінірек TV Vitória телеарнасының журналисті Марла Бермудес эфирде осы жағдайға ашық түсініктеме берді. Ол осы видео таралғаннан кейін оған және бүкіл түсірілім тобына жерлеу рәсімінің жалған екендігіне сеніп қалған адамдардан қорқытулар түсе бастағанын мәлімдейді.

– Орынсыз шабуылдар, қорқытулар және қарғыстардан басқа, бұл видеоларды тарату, мені және менің әріптесім, репортер Вилиан О’Брайенді құрметтемеудің белгісі. Сонымен, көшеде репортерлар тобын көріп, бізді камераға түсіргіңіз келгенде, бізге жақындап, мұның не екенін және неге жасалып жатқанын сұраңыздар! Жалған ақпарат жасамаңыз немесе таратпаңыз! – деді ол көрермендерге қаратып айтқан сөзінде.
Осылайша, вирустық видео бұқаралық ақпарат құралдарында COVID-19 салдарынан қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі әдейі өткізілетінін дәлелдемейді. Кадрларда репортаж түсіру процесі көрсетілген, ол індеттің өзі және оның өлім-жітім деңгейі туралы емес, тек карантиндік шектеулердің әсері мен қарапайым жұмысшылардың өзгерген өмір салты жайлы.

COVID-19 – қоздырғышы SARS-CoV-2 коронавирусы болып табылатын ауру. 2020 жылғы 11 наурызда ДДСҰ коронавирустық инфекциясын пандемия деп таныды. Бүгінде әлем бойынша COVID-19-дан 2 865 821 адам көз жұмған.