Коронавирусқа қатысты Таиланд Қазақстан мен басқа да елдерге виза беруді тоқтатты — Қазақстан жаңалықтары
11 наурыз күні Таиландтың сыртқы істер министрі елге Қазақстанды қосқанда 18 елдің азаматтарының кіруіне шектеу қойды. Сол себепті енді қазақстандықтар Таиландқа бару үшін виза ала алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен басқа 17 елдің азаматтары Таиландтың иммиграциялық бөлімінде төлқұжаты арқылы визаға өтініш бере алатын. Аталмыш 18 мемлекетке Болгария, Бутан, Қытай (Тайваньды қоса алғанда), Кипр, Эфиопия, Фиджи, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Мальта, Мексика, Науру Республикасы, Папуа-Жаңа Гвинея, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Вануату Республикасы кіріпті.
Сонымен қатар Таиланд министрі елге кіру үшін Оңтүстік Корея, Италия және Гонконг азаматтарының виза алу мүмкіндіктеріне шек қойылғандығын айтып кетті.
Бұған дейін Моңғолия коронавирусқа байланысты Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатқаны жайлы айтылған еді.
stan.kz