Home Жаңалықтар Мәдениет және спорт министрлігі елдегі бұқаралық спорт шараларын тоқтатқан жоқ – Қазақстан...

Мәдениет және спорт министрлігі елдегі бұқаралық спорт шараларын тоқтатқан жоқ – Қазақстан жаңалықтары

0
106

Қазақстанда бұқаралық спорт шаралары жаппай тоқтатылып жатыр деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР-дың мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Fed Cup-ты қабылдамады: Теннис матчы Қытайда өтуі тиіс болған

«Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай бұқаралық спорттық шараны кейінге қалдырған жоқ. Қазақстанда бұқаралық спорттық шаралар өтпейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай шешімді ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Комиссияға коронавирус инфекциясы кең тараған елдерге спортшыларды жібермеу туралы ұсыныс берілген еді», – делінген ресми хабарламада.

Министрлік өкілдерінің атап өтуінше, қазіргі таңда спорт шараларын тоқтату туралы шешім мүлдем қабылданбаған.

Ескеріп кетерлік жайт, бұған дейін коронавирусқа байланысты мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спорт шараларын өткізуге тыйым салып жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастаған еді.

stan.kz