Коронавирусқа қарсы сарымсақ: Министр WhatsApp арқылы таралған ақпаратқа жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов WhatsApp-тағы коронавируспен күресу үшін сарымсақ жеуге кеңес беретін хабарлама туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыстық хабарлама медицина ғылымдарының докторы, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің атынан таратылған деп болжануда. «Коронавирусқа қарсы ең сенімді әдіс — бұл сарымсақ. Күн сайын тұрып, аш қарынға сарымсақ жеу керек … Мұндай процедураны өткізгенге дейін ештеңе жеуге болмайды. Сарымсақты кесіп, оны таблетка түрінде сумен жұтып қойыңыз. Шайнамаңыз» , -деп дауыстық хабарламада айтылды.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Біртанов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын түсіндірді.

«Профессор Досқалиевтың ұсыныстары жайлы ештеңе білмеймін, не айтқаныңызды түсінбедім. Бұл жалған ақпарат деп айтуға болады, біз бүгін құқық қорғау органдарына тиісті шағым түсіреміз», — деді министр.

Ол ақпараттық  аудиожазбаның ешқандай зияны болмаса да, оның таралуын болдырмау керек және авторлар жауапқа тартылуы керек деп түсіндірді.

«Біз тіпті зиянсыз ақпаратты да жалған деп санаймыз, өйткені бұл жағдайда ол ақпарат нақты бір адамға бекітілген», — деді министр.

 

stan.kz