«Коронавирусқа қарсы ресейлік тоғыз вакцинаның келешегі бар» – ДДҰ

0

Қазір әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 2,7 миллион адамнан асады. 750 мыңға жуық адам дерттен айықты

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакциналардың ресейлік тоғыз нұсқасын келешегі бар препараттар тізіміне енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Олардың арасында «Вектор» вирусология және биотехнология жөніндегі мемлекеттік ғылым орталығында әзірленген алты дәрі бар», – делінген хабарламада.

Ал Новосибирск орталығының жобалары арасында қызылшаға, А тұмауына, везикулярлы стоматит вирусы мен қосалқы және мРНҚ вакциналарына, сондай-ақ Эбола вирусына қарсы вакциналар платформасындағы препараттар бар.

Сонымен қатар, «Биокад» компаниясы екі вакцина ұсынған: оның бірі – Эксперименталды медицина институтымен бірлесіп дайындалған мРНҚ липосомасында қапшықталған дәрі болса, екіншісі – аттенуирленген негізді тірі тұмау вирусының негізінде жасалған препарат.

Оқи отырыңыз: Экпресс-тест: COVID-19 вирусын қалай анықтайды — видео

Санкт-Петербургтегі вакциналар мен сарысуларды ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары рекомбинантты ақуыз бен нанобөлшектерге негізделген препарат жасап шыққан.

Қазақстандағы эпидемия

Коронавирус індеті жер жүзіне кең таралуда. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде 2,7 миллионнан астам адамда инфекция жұқтыру оқиғасы тіркелсе, 190 мыңнан астам адам қайтыс болды. Аурудан айыққандар саны 750 мыңға жуық.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда жұқтырғандардың саны 2 334  адамға жетіп, 24 науқас қайтыс болды. Ал аталған дерттен айығып шыққандар саны 585.



sputniknews.kz