Коронавирусқа байланысты «Magnum» дүкендер желісінде дүрбелең басталды — Қазақстан жаңалықтары

0

«Magnum» дүкендер желісінің өкілдері тұтынушылардың арасында туындаған аласапыранға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алматы қаласы бойынша бізде  39 супермаркет бар, ал Қазақстан бойынша 69. Соңғы күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы дүкендерде үлкен қобалжулар байқалып жатыр, бірақ ол кейбір дүкендерде ғана. Біздің мамандар әлеуметтік желілерде дүкендердегі жағдай қалыпты екенін мәлімдеді. Үлкен кезек туындамау үшін қаладағы басқа дүкендерге қолайлы уақытта келе аласыздар, азық-түлік жеткілікті, бағаларды өзгертпейміз. Аз дегенде бір айға тасымалдаушылармен келісімшарт бар, соған байланысты біз бағаны өзгертпейміз, өйткені олар біздің келісімімсіз оны өзгертуге құқықтары жоқ. Бұл дүрбелең коронавирус басталуы мүмкін деген жаңалықтардан ғана туындаған жоқ, соңғы күндері доллар бағасының күрт қымбаттап кетуі де оған әсер етті. Доллардың бағасы қатты шарықтап кеткен жоқ, сондықтан азық-түлік қымбаттамайды. Тұтынушылардың жүктемесі шамамен 10 пайызға ғана артты. Күніне 69 дүкен бойынша 300 000-дай адам сауда жасайды. Біз сатып алушыларды дүрбелеңге салынбауға шақырамыз, азық-түліктің барлық түрі жеткілікті «, — дейді «Magnum» дүкендер желісінің пиар-менеджері Дмитрий Шишкин.

 

 

 

stan.kz