Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің өмірі: Сағынтаевтың желіде жариялаған видеосы жұртты жылатты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желі ел үшін қиын кезде мамандығына адал болып қалып, еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің өмірін сипаттайтын видеоролик жариялады.

дәрігер

«COVID-19. Майданның алдыңғы шебі. Негізгі ауыртпалық медицина қызметкерлерінің мойнында. Дәрігерлер — бейбіт күннің батырлары. Қолдаймыз. Мақтан тұтамыз. Біз сіздермен біргеміз», — деп жазды Instagram-дағы парақшасында Бақытжан Сағынтаев.

Видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары еріксіз көзге жас келгенін жарыса жазды.

«Мына видеоны көріп еріксіз көзден жас шығады екен… Я, Жаратушы ием мына қауіпті індет тезірек жер бетінен жойылса екен. Дәрігерлерімізге ауыртпашылық сала көрмеңіз, тезірек үйлеріне оралса екен»,

«Алла дәрігерлерімізге күш-қуат берсін. Басымызды иіп рақмет айтамыз»,

«Дәрігер емеспін, бірақ, жылап отырып көрдім», — деп жазды олар.

 



stan.kz