Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытайда «Абидол» препаратын коронавируске қарсы әсер ететін дәрілердің қатарына жатқызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

препарат

Бұл турады ҚХР-дың денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. 

Қытайдың дәрігер мамандарының сөзінше, «Абидол» хлорохинфосфат және «Рибавирин» дәрілерімен қатар  COVID-2019 коронавирусына қарсы әсер ететін күшке ие деп танылған. Аталмыш препараттар интерферон мен лопинавир/ритонавир дәрімектеріне араластырылып қолданылады екен. 

Ең алғашында, қытайлықтар абидолды жұқпалы індетке қарсы қолданып көрген, алайда оның денеге деген жағымсыз әсерлері анықталыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Таиланд дәрігерлері коронавируске қарсы препараттар «коктейлін» ойлап тапқан еді. Сонымен қатар қытайлық дәрігерлер коронавируске төтеп бере алатын қытайлық дәрімек анықтаған болатын.

stan.kz