21 ақпан шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

21 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатында Қызылорда облысының күні өтеді. Шара Аймақтар күндері аясында ұйымдастырылып отыр. Модератор – сенат төрайымы Дариға Назарбаева. Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баяндаманы өңір басшысының орынбасары Бақыт Жаханов жасайды. Шара аясында арнайы көрме ашылады. Сол жерде облыстық инновациялық жобалары, шағын және орта бизнестің өнімдері, сондай-ақ, тарихи-археологиялық экспонаттар таныстырылады. (Парламент сенаты. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 27).

10.00 – Ауыл шарушылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі. (АШМ ғимараты, Кенесары көшесі, 36. Аккредитация  https://docs.google.com/forms/d/1Gj5Kx26HPqdb3xvMss9-aYqzQtIgDXisLjlFR05JMc8/edit#responses сілтемесі арқылы жасалады. Байланыс телефондары: +7(7172) 55 57 65, +7 775 224 48 36, +7 705 440 64 24).

12.20 – 2019 жылда еңбек саласын цифрландыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бірінші вице-президенті Ербол Оспанов. (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 – Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру бойынша үкімет сағаты (парламент сенаты).

19.00 –»Золушка» балеті. Қоюшы хореограф, либретто авторы — Надежда Калинина («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

20.00 – 2021 жылғы Азия кубогы үшін іріктеу туры аясында Қазақстанның баскетболдан ұлттық құрамасы алғашқы ойынды өткізеді. Қарсылас – Палестина командасы («Жекпе-жек» спорт кешені).

АЛМАТЫ

9.30 – «Mining Club: Юниорлардың геологиялық барлауы» форумы. Шараға тау-кен металлургия және геологиялық барлау кәсіпорындарының 100-ден аса басшысы мен мамандары, Қазақстанның бейінді ведомстволарының өкілдері, консультанттар мен тәуелсіз сарапшылар қатысады. Форумның мақсаты – юниорлық компаниялар нарығын дамыту, бизнес жүргізу, салаға инвестиция тарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру («Novotel Almaty» қонақ үйі, Достық даңғылы, 104А).

11.00 –»Алматыдағы экологиялық жағдай және адам құқығы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел. Ұйымдастырушылар – Казақстанның баспасөз клубы және «Жасыл құтқару» экологиялық қауымдастығы. (Казақстанның баспасөз клубы, Самал шағын ауданы 2, 58. Аккредитация +7 701 749 02 00 телефоны арқылы жасалады).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — «Адал көмек» акциясы. Ұйымдастырушы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Шараның мақсаты — азаматтарға заңгерлік көмек беру. Акция әрбір сенбі сайын 10.00 мен 13.00 аралығында ұйымдастырылып тұрады. (Antikor ortalygy, Тоқпанов көшесі, 45. Байланыс телефоны: +7 (7172) 72 66 05, +7 707 168 28 55).

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: «Вивальди & Пьяццола – Времена года» концерті («Қазақстан» орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, aurorapr.me@gmail.com).

19.00 – Ресей мәдениетінің «Солнечный круг» халықаралық фестивалі өтеді. Шара казактардың қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.  Оған Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның ұжымдары қатысады. (22 ақпанда Ресейдің мәдениет пен ғылым орталығында концерт ұйымдастырылады. Ал 23 ақпанда «Астана» концерт залында қорытынды концерт болады. Байланыс телефондары: +7 707 777 0872).

АЛМАТЫ

11.00 — Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға пресс-туры басталады. Ұйымдастырушы – ММУ-дің посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы. Бұл «Еуразия көпірі» жобасы аясында өткелі отырған алғашқы шара. Жобаның мақсаты – еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің негізгі бағыттары мен перспективалары, ЕАЭО құрылымдарының қызметі туралы ақпарат беру.

Пресс-тур бағдарламасы аясында журналистер Еуразия банкіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, тұңғыш президент кітапханасына, тұңғыш президент музейіне барады.

ЕҰУ алаңында 25 ақпанда жергілікті сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Тақырыбы: Жаңа онжылдықтағы ЕАЭО: даму перспективалары.

2020 жылдың сәуірінде осыған ұқсас пресс-тур Мәскеуде өтеді және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылады. Ал маусым айында қатысушылар Беларуське барып, елдің ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесі мен оны ЕАЭО аумағында қолдану мүмкіндігін зерттейді.

Пресс-тур 28 ақпанға дейін созылады (Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе aleks.perminova@gmail.com).

11.00 – Генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды («Жерұйық» саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

12.00 –»Музыкальное разноголосье» концерті («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 70 96 19,  + 7 (7172) 70 95 94 ).

17.00 – «Евгений Онегин» операсы («Астана Опера» театры, Қонаев даңғылы,  1)

АЛМАТЫ

09.00 — Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа — 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады).

12.00 – «Шетелдегі жеке мектептер» көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады («Ritz Carlton Almaty» отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

25 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға пресс-туры аясында «Жаңа онджылдықтағы ЕАЭО» дөңгелек үстелі. Шара «Еуразия көпірі» жобасы аясында өтеді (Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мәжіліс залы. Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе aleks.perminova@gmail.com).

АЛМАТЫ

10.00 – Үнді халқының көрмесі («Атамекен» көрме орталығы).

26 ақпанға жоспарланған шаралар 

НҰР-СҰЛТАН

19.00 –»Пианисты правят бал» концерті.  («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

27 ақпанға жоспарланған шаралар 

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — «Көпғасырлық символизм» көрмесі. (Ұлттық музей. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 — «Манон» балеті («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00 – Туристік көпсайыс бойынша Қазақстанның ашық чемпионаты (Бурабай ауданы, Катаркөл ауылы, «Звездный» балалар орталығы).

АЛМАТЫ

17.00 — «Мартин Лютер Кинг: Король без королевства» фильмі көрсетіледі.  (American Space Almaty, Байзақов көшесі, 280).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 — «Astana Ballet presents» жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді — «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

12.00 – «БізАлматы» жобасының жабылу фестивалі. Фестиваль күні бойы болады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz