Коронавирус жұқтырғандардың саны 3079 адамға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның төрт өңірінде он алты адам қауіпті індетке шалдыққанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 16 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Оқи отырыңыз: Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады
«Алматы облысында 1, Алматы қаласында 3, Шымкент қаласында 2, Маңғыстау облысында 10 науқас тіркелді», — деп жазылған денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3079 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 612,
- Алматы қаласында – 927,
- Шымкент қаласында – 184,
- Ақмола облысында – 98,
- Ақтөбе облысында – 65,
- Алматы облысында – 114,
- Атырау облысында – 131,
- Шығыс Қазақстан облысында – 17,
- Жамбыл облысында – 113,
- Батыс Қазақстан облысында – 127,
- Қарағанды облысында – 139,
- Қостанай облысында – 45,
- Қызылорда облысында – 187,
- Маңғыстау облысында – 44,
- Павлодар облысында – 122,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
- Түркістан облысында – 124.
Соңғы мәлімет бойынша 774 адам жазылып шықты, 25 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz