Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың жартысы аурудан айықты — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың жартысы сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы уақытқа дейін елімізде 6440 адамнан коронавирус табылды. 3256 адам ауруды жеңді, бұл жалпы жұқтыру жағдайларының 50,5 пайызына тең.
Өңiрлерде COVID-19 жұқтырғандар/емделгендер санының арақатынасы төмендегідей:
Нұр-Сұлтан-1251/585,
Алматы – 1848/910,
Шымкент – 404/183,
Ақмола облысы — 126/96,
Ақтөбе облысы — 228/147,
Алматы облысы — 209/132,
Атырау облысы — 627/165,
Шығыс қазақстан облысы — 58/24,
Жамбыл облысы — 205/135,
Батыс қазақстан облысы — 323/155,
Қарағанды облысы — 250/146,
Қостанай облысы — 79/45,
Қызылорда облысы — 246/205,
Маңғыстау облысы -161/45,
Павлодар облысы — 165/124,
Солтүстік қазақстан облысы — 38/29,
Түркістан облысы — 222/130.
Бұған дейін соңғы тәулікте 283 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
stan.kz