Нұр-Сұлтанның орталық базары карантиннен кейін ашылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Елорда әкімдігі қаланың ірі сауда орталығының дайындығын тексеріп, оң баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету барысында орталық базардың жұмысын бастауға дайындығын тексердік. Дайындық жоғары деңгейде жүруде. Негізінде, барлық базарлар антисептик, маскалармен қамтылып, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығымен санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүргізілуде», — деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Орталық базардың басқарушы компаниясының директоры Атахан Әбдіжалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтылған. «Біз мұны күнделікті тексереміз», — деді ол.

 

 

stan.kz