Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 207 адамға жетті

0

Қазақстанның жеті өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тіркелді. Науқастардың жалпы саны 2207 адам болды

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«Павлодар облысында – 7, Қызылорда облысында – 1, Алматы облысында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Шымкент қаласында – 2, Түркістан облысында – 1, Алматы қаласында бір адамнан коронавирус табылды», — делінген ақпаратта.

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Осылайша, 23 сәуір сағат 12:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда науқастардың саны 2207 адамға жетті.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 422,
  • Алматы қаласы – 736,
  • Шымкент қаласы – 133,
  • Ақмола облысы – 83,
  • Ақтөбе облысы – 34,
  • Алматы облысы – 65,
  • Атырау облысы – 82,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 15,
  • Жамбыл облысы – 79,
  • Батыс Қазақстан облысы – 86,
  • Қарағанды облысы – 102,
  • Қостанай облысы – 36,
  • Қызылорда облысы – 158,
  • Маңғыстау облысы – 19,
  • Павлодар облысы – 50,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Түркістан облысы – 77.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, індеттен 20 науқас көз жұмды, 515 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz