Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 66 адам тіркелді

0

Қазақстанның он екі өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Науқастардың жалпы саны 2482 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Оқи отырыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 

«Жамбыл облысында — 2, Түркістан облысында — 8, Атырау облысында — 10, Қостанай облысында — 1, Павлодар облысында — 12, Нұр-Сұлтан қаласында — 8, Батыс Қазақстан облысында — 2, Шымкент қаласында — 5, Қызылорда облысында — 6, Қарағанды облысында — 3, Маңғыстау облысында — 5, Алматы қаласында – 4 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

Осылайша Қазақстан коронавирус жұқтырғандардың саны 2482 адамға жетті:  

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 454,
  • Алматы қаласында – 791,
  • Шымкент қаласында – 146,
  • Ақмола облысында – 88,
  • Ақтөбе облысында – 55,
  • Алматы облысында – 73,
  • Атырау облысында – 98,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 16,
  • Жамбыл облысында – 103,
  • Батыс Қазақстан облысында – 102,
  • Қарағанды облысында – 111,
  • Қостанай облысында – 39,
  • Қызылорда облысында – 170,
  • Маңғыстау облысында – 25,
  • Павлодар облысында – 88,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
  • Түркістан облысында – 93.

Соңғы мәлімет бойынша, індеттен 604 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz