коронавирус індетіне шалдыққандар саны 859 адамға жетті

0

Елімізде тағы 19 адамнан коронавирус табылды, ең көп науқас Алматы қаласында тіркелді — 9 адам

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Қазақстандағы Коронавирус індетін жұқтырған тағы 19 адам тiркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. 

«Алматы қаласында — 9 адам, Нұр-Сұлтан қаласында — 2 адам, Қарағанды облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 5 адам, Шымкент қаласында — 2 адам», — делінген хабарламада. 

Осылайша, Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққандар саны 859 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 231 адам, Алматы қаласында – 137 адам, Қарағанды облысында — 62 адам, Ақмола облысында — 61 адам, Атырау облысында — 59 адам, Жамбыл облысында — 46 адам, Шымкент қаласында — 33 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 9 адам, Маңғыстау облысында — 9 адам, Қызылорда облысында — 116 адам, Батыс Қазақстан облысында — 6 адам, Түркістан облысында — 35 адам, Қостанай облысында — 3 адам.

64 адам дерттен сауықты, 10 адам қайтыс болды. 



sputniknews.kz