«Көркіне көз тояды»: Алтынай Жорабаева жұрттан жасырған күйеуін көрсетті (видео)
Танымал әнші Алтынай Жорабаева көпке дейін жасырып келген сүйіктісін алғаш рет көрсетті. Ол осы жылдың мамыр айында екінші мәрте тұрмыс құрған болатын, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Эстрада жұлдызы желідегі парақшасында күйеуімен түскен видеосын бөлісті. Бұған дейін де бірге түскен суреті мен видеосын жарияласа да, отағасының бетін жауып қоятын. Алайда бұл жолы жасырмауды жөн көрген.
«Қымбатты оқырмандарым! Көрімдіктеріңізді ақ тілектеріңіз арқылы жаудырыңыздаршы. Бізге тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын. Көптен бері сіздерге Алла қосқан жолдасыммен бірге жаңа жоба бастап жатқанымыз туралы айтамын деп уәде еткен болатынмын! Сол уақыт келіп жеткен сияқты», — деп жазды эстрада жұлдызы.
Көпшілік олардың жарасымды жұп екенін жазып, бақыт тіледі. Әсіресе «көркіне көз тоятын жігіт» деп сырт келбетін ерекше бағалауда.
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Сәбит Әбдіхалықов бес баласынан кешірім сұраған еді.