Көрінбей кеткеніне ұзақ уақыт болған Сара Назарабаева экранға шықты

0

Көрінбей кеткеніне ұзақ уақыт болған Сара Назарабаева экранға шықты. Сара Назарбаева Қазақстан халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

«Бөбек» қорының негізін қалаушы онлайн режимінде өткен бала тәрбиесіне арналған халықаралық форумға қатысты. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Сара Назарбаева, «Бөбек» қорының президенті:

— Адамның құндылығы неде? Кесіріңді тигізбе. Алдама, арыңа қарсы жүрме. Адамгершілігің болсын. Адам бол. Еркек болсын, әйел болсын, адам болуға міндетті. Өзіміз үшін, өз жанымыз үшін. Солай істеуіміз керек.

«Өзін-өзі тану: бала алдындағы миссия» конференциясы пандемияға байланысты видеобайланыс түрінде өткен. Бүгінгі таңда «Бөбек» қоры арқылы балалар үйінің 8 мыңдай тәрбиеленушісіне қайырымдылық көмек көрсетілуде. Ал қордың жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әдістемесін тек қазақстандық балабақшалар, мектептер және колледждер ғана емес, шетелдік білім беру ұйымдары да пайдаланып жатыр. Мысалы, Таиландта ашылған орталықта студенттерге «Өзін-өзі тану» қазақстандық бағдарламасымен білім беріледі.

Сара Алпысқызы туралы «Азаттық»: «Бұрынғы бірінші ханым Сара Назарбаева күйеуі президент қызметінде болған соңғы жылдары ел алдына көп шықпады. Ол күйеуімен бірге шетелдік сапарларға барған жоқ, ресми шараларда да бой көрсетпеді. Тұңғыш президенттің сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы Назарбаева деп көрсетілгенімен, ашық дерекке жататын бірқатар қаржылық құжаттарда, қаржы министрінің есебінде Назарбаевтың әйелі және оның үш қызының анасы Сара Алпысқызы Қонақай деп жазылған. Бұрынғы бірінші ханым шын мәнінде қыз кезіндегі тегін (тұрмысқа шыққанға дейін бұрынғы президент әйелінің тегі Қонақаева болған) қайта алған я алмағаны, ал бұл ақпарат рас болса, оған не әсер еткені белгісіз. 2010 жылы Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, биліктің қырына ілінген Рахат Әлиев (2015 жылы Вена түрмесіндегі камерадан өлі табылған Әлиевтің қазасының ресми себебі суицид деп көрсетілген) Назарбаевтың әйелімен ресми түрде ажырасқанын айтқан» деп жазды.