Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы мәліметтер

0
111

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 24 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 720 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 127 580 жетті.

Үстіміздегі жылдың 25 қарашадағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 204 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 91 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 41 427, өлім жағдайлары – 432, барлығы 30 207 адам сауығып шықты.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 50
Алматы қаласы – 43
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 69
Ақтөбе облысы – 6
Алматы облысы – 22
Атырау облысы – 8
Шығыс Қазақстан облысы – 160
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 29
Қарағанды облысы – 18
Қостанай облысы – 66
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 112
Солтүстік Қазақстан облысы – 112
Түркістан облысы – 5

Қазақстанда өткен тәулікте 701 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 114347.