Көрікті жердің видеосын түсірген қазақстандық 2 млн теңге ұтып ала алады

0

«Қазконтент» АҚ ішкі туризмді дамытуға бағытталған жүлде қоры 2 млн теңге құрайтын байқау жариялады.

«Туған жерім — алтын бесігім» атты видеобайқауға кез келген адам қатыса алады. Шартқа сәйкес қатысушы туған жерінің табиғаты мен елімізде туризмді дамыту тақырыбында 3 минуттан аспайтын видео түсіріп, оны жеке әлеуметтік парақшасына (Instagram, Facebook) #qazcontentkonkurs2018 және  #konkurs_s_qazcontentom хэштегтері арқылы жариялауы тиіс.

Осы жылдың 30 қазанында басталған видеобайқау 7 қарашаға дейін жалғасады.
Жүлде қоры 2 млн теңгені құрайтын байқаудың нәтижесі 12 қараша күні жарияланады.
Жеңімпаздарды анықтау жарияланған видеоның «лайк» жинауына байланысты анықталады, яғни қайсы видео көп «лайк» жинады, соның иесі жеңімпаз атанады. Марапаттау рәсімі 16 қараша күні Астанада өтеді.

Айта кетерлігі, Қазақстанға саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі — поляктар екені белгілі болды. Сондай-ақ таяуда Швейцарияның қазақстандық тау гидтері, шаңғы нұсқаушыларының стандарттарын жасауға көмектесетіні мәлім етілді.