Астана мешітінде аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды

0
199

Бұған дейін қала тұрғыны 28 қазанда «Нұр-Астана» мешітінде аяқ киімін ұрлатқаны туралы полицияға шағым түсірген.

«Мешіт кіреберісінде болған ұрлық фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 31 қазанда полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді және күдікті — Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны «Хазірет Сұлтан» мешітінде кезекті ұрлық үстінде ұсталды. Аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабына («Ұрлық») сәйкес сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп жазды әкімдік сайты.

Ұрланған заттар өз иелеріне қайтарылды және күдіктінің осыған ұқсас оқиғаларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Астананың тәртіп сақшылары елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда ұрлық жиі жасалатындығын еске салады. Полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарды қырағы болып, өз заттарына абай болуға шақырады. Осы азаматтың әрекеттерінен зардап шеккен тұрғындарды Есіл аудандық ішкі істер басқармасына хабарласуын сұраймыз», — делінген хабарламада.