«Көңілім ерекше толқып тұр». 27 жыл күткен баласының жүрек қағысын естіген ана көз жасын тыя алмады
Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмаған әйелдің 27 жылдан кейін эко арқылы баласының жүрек соғысын естіген видеосын жариялады. Әйел “Ана болғым келеді” бағдарламасының көмегімен құрсақ көтерген.
«Көңілім ерекше толқып тұр. Бүгін 27 жыл күткен сәбидің жүрек қағысын естідік. 27 жыл деген оңай емес», — деп жазған журналист.
фото: әлеуметтік желі