Жетісу облысында балаларды қылқындырып, соққыға жыққан тәрбиешілер жұмыстан шығарылды

0

Жетісу облысында балабақшадағы бейнебақылау камерасында тәрбиешілердің бүлдіршіндерді ұрып-соққаны түсіп қалған. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Балабақшаның бірнеше қызметкері 2-4 жас аралығындағы балаларды төсекке жатқызбақшы болған. Тәрбиешілер оларды қатты итеріп, шапалақпен ұрған.

Оқиға Панфилов ауданындағы Головацкий ауылында болған.

Панфилов ауданы әкімдігі қызметтік тексеру ұйымдастыру үшін балалар мекемесінің 10 күнге жабылғанын хабарлады. Полиция да тергеуді бастаған.

«Балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды, қазір полиция бөлімінде қажетті сараптамалар тағайындалды. А. және Г. есімді тәрбиешілер жұмыстан босатылды. Іс полицияның бақылауында”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.