Комада жатқан әйел 27 жылдан кейін есін жиды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жол апатынан зардап шеккен әйел адам отыз жылдай комада жатып, есін жинады

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғыны Мунира Абдулла жиырма жеті жыл комада жатып, есін жиды.

27 жыл бұрынғы жол апаты

1991 жылы Мунира Абдулла төрт жасар ұлы және күйеу баласымен бірге апатқа ұшырапты. Жол апаты кезінде әйел денесімен баласын көлегейлеп қалып, салдарынан өте ауыр бассүйек-ми жарақатын алған, деп жазады РИА Новости.

Үш рет «өліп-тірілген» тараздық әйелдің әңгімесі

Жантүршігерлік апаттан соң келіншекті жергілікті ауруханаға жеткізеді де, көп ұзамай Лондондағы ауруханаға алып барады. Мунира ұзақ уақыт бойы комада болып, болар-болмас тіршілік нышанын білдіріп жатыпты.

Науқастың беті бері қарамаған соң, туыстары оны БАӘ-ге қайта алып кеткен.

«Ешқашан күдерімді үзген емеспін, себебі жүрегімде анам бір күні оянады деген сенім болды», — дейді Мунираның ұлы Омар Вебер.

2017 жылы Абу-Дабидің тақ ханзадасы Мухаммед бен Заид Аль Нахайян Мунираның оқиғасын естіп, Германиядағы ауруханалардың бірінде емделуіне қаражат бөледі.

Әйелдерге төсекте 60 күн жатып, 7 млн теңге алуға мүмкіндік берілді

Комадан оянды

Бір жылдан кейін 2018 жылдың маусымында әйел адам есін жиып, дыбыс шығара бастаған. Ұлының айтуынша, сол сәтте анасының төсегінің жанында біреумен қатты дауласып отырыпты. Тағы үш күннен соң әйел баласының есімін атайды. Кейінірек сөздерді анық айтып, дұға оқи бастаған.

Қазір әйел туған жерінде емделуін жалғастырып жатыр.



sputniknews.kz