Көлгінов көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешетінін айтты

0
46

Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін де қолға алды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Елорданың жаңа әкімі Алтай Көлгінов көпбалалы аналардың мәселесін шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімінің айтуынша, бүгінде көпбалалы аналардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға берілетін арендалық баспана: шарттары қандай?

«Жұмыс басталды. Бізде 17 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Қазіргі таңда оларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Мұнда әртүрлі мәселе бар. Мысалы, тұрғын үй мәселесі. Оны кезекпен шешеміз немесе арнайы бағдарлама жасаймыз. Жақын арада жұмыс істей бастайды», – деді Көлгінов тілшілерге.

Осы орайда жаңа әкім көпбалалы аналарға жұмыс тауып бергісі келетінін атап өтті.

«Біздің негізгі мақсатымыз – көпбалалы аналарды жұмысқа орналастыру. Қажетті қолдау бар», – деді қала басшысы.

Алтай Көлгінов журналистердің «көпбалалы аналардың мәселесін шешу үшін Бақыт Сұлтановпен ақылдастыңыз ба?» деген сұрағына жауап берді.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып жатыр

«Әрине, ол кісі көп жұмыс жасады. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады», – деп елорда әкімі қысқа қайырды.



sputniknews.kz