Көктемгі аңшылық маусымында құс атуға тыйым салынды

0

Маусымдық аңшылыққа қанаттылар санының азайып кетуіне байланысты тыйым салынған екен.

Қазақстанда 16 ақпаннан 14 маусымға дейінгі аралықтағы көктемгі аңшылық маусымында құс атуға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отыр.

Маусымдық аңшылыққа қанаттылар санының азайып кетуіне байланысты тыйым салынған екен. Көктемгі аңшылық құстардың ұя салу кезіндегі табиғи процесстерін бұзып, тектік қорларын нашарлата түседі. Мысалы, 2015 жылы үйректердің саны 2014 жылмен салыстырғанда екі миллионға дейін азайып кетіпті.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz