Ашық сабақ: Біздің ыдыстар

0
389











Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады







Ашық сабақ: Біздің ыдыстар

Автор: Омрзакова Айым Дауренбековна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-21


Материал туралы қысқаша түсінік



Балаларға ыдыстардың түсінігін қалыптастыру.




Білім беру саласы ШығармашылықБөлімі МүсіндеуТақырыбы: Біздің ыдыстарымызМақсаты: Балалардың қарапайым ыдыстар туралы түсініктерін толықтыру. Ермексаздан өзінше мүсіндеу арқылы еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: 1) суреттер(ыдыс түрлері); 2) Ойыншықтар (ыдыс түрлері) 3) сиқырлы сандық

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиеші іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Ынталандыру

Ұйымдастыру кезеңі

Қорытындылау

Рефлексия

Тәрбиеші балаларға қарап: «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық»

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.Балалар шеңберге тұрып бір-бірінің атын атап кезекпе-кезек (біріншісі-екіншісіне, екіншісі-үшіншісіне, солай жалғаса береді) тілек білдіреді.

Балаларға жұмбақ жасыруКесе – шыны, пиала,Оларсыз шай құя ма?Қасықсыз тамақ жемейді,Бәрінің атын не дейді? Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Біздің ыдыстарымыз».

  • Біз қандай ыдыстарды білеміз?
  • Мына суреттерге қарап ыдыстарды атайық.
  • Дұрыс, балалар, енді мында назар аударыңдар.
  • Тәрбиеші сиқырлы сандықты ашады. Сиқырлы сандықтың ішінен ыдыс ойыншықтарды алып шығады, аттарын ататады, сипаттама бергізеді.

  • Балалар сендер ыдыс түрлерін біледі екенсіңдер. Енді оларды ермексаздан жасап көрейік. Ең бірінші тәрбиеші жасап көрсетеді.
  • Сергіту сәті

    Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіреді, бағалайды. Балалар, сендер бүгін не үйрендіңдер?

  • Балалар, сендер бүгін жақсы еңбектендіңдер.
  • Білгір қазақ анасыСәлем сөздің анасыАлдымен сіздерменСәлемдесіп алайықСәлеметсіңдер ме, апайлар.

  • Сабаққа жақсы қатыс.
  • Әдепті бол.
  • Ауырма.
  • Досың көп болсын.
  • Шешуін табады.Ыдыс-аяқ

    Кесе, тегеш, тәрелке, қазан.

    Балалар ыдыс түрлерін атайды. Сипаттама бергенде қатты, қақпағы, құлағы бар, үлкен, кіші деп жауап береді.

    Балалар қолдарына жаттығу жасайды. Кесе, қасық, тәрелке бір композиция.

    Мен – қазан,Мен – кесе,Мен – қасық,Мен тәрелке жасауды үйрендім.

    Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс: Ермексаздан ыдыстарды бейнелей алу керек.

    Оқыту білім саласы: «Таным»Оқыту түрі: МатематикаТақырыбы: Сиқырлы сандықМақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейін ауызша санап есептей білуге, сандар қатарын, сандарды тура санауға, өз бетінше ойлауға, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың ойлау қабілеттерін, білімдерін математикалық санамақтар, түрлі ойындар арқылы дамыту. Әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, дидактикалық ойын, таңғажайып сәт, мадақтау.Көрнекі құралдар: пішіндер, сандар, асық, сиқырлы сандық.Көрнекілік: сандар, пішіндер.Сабақтың барысы:

    Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың әрекеті
    Ынталандыру оятушыБалалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.Сәлем деймін достарға,Сәлем деймін құстарға,Сәлем деймін құрдасқа,Сәлем деймін ұстазға.
    Ұйымдастырушылық

    Сұрақ-жауап әдісі

    Дидактикалық ойын

    Сергіту сәті

    Қорытынды

    Балалар, қолдарымыздан ұстап шеңбер құрамыз.

  • Қазір біз неге ұқсадық?
  • Енді барлығымыз әуеннің ырғағымен көзімізді жұмып, орнымыздан айналып көрейікші. Бір сиқырлы күш бізді қайда алып келіпті?
  • Балалар, мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
  • Балалар, берілген пішіндердің түрі қандай екен? Қайсысы үлкен және кіші айтыңдаршы.
  • Берілген қима қағаздағы сандарды тура санатқызу.
  • «Лото» ойыныАқ қағазға шеңбер түсіріп, оң жақ, сол жақ, жоғары және төменді ажырату, кеңістікті бағдарлау. Ал, балалар, демалып бойымызды сергітейік.Ал, балалар, тұрайық,Алақанды ұрайық.Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. Оңға, оңға түзу тұр,Солға, солға түзу тұр.Алға қарай бір адым,Жоғары төмен қарайық,Орнымызды табайық.Артық, кем және тең таңбаларын көрсету. Геометриялық фигуралардан үй, машина құрастыру. (Неше ұшбұ- рыш, неше төртбұрыш қолданғандарын сұрау). Балалардың еңбегін қарап, мақтау. Осы кезде ханшайым келеді. Сандық ішінде сан жазылған асықтар болады. Бала көзін жұмып, асықты алады. Санды атайды. Сандарға байланысты кім санамақ айтса, сол балаға «Ғажайып сандық» сыйлық береді.

  • Допқа, шарға, күнге, қауынға т.б.
  • -Сандар мен пішіндер әлеміне.

  • Сандар, пішіндер.
  • Балалар қимылдарды қайталайды.

    Балалар тақтаға шығып, пішіндерден үй, машина құрастырады.

    Әди: Бір дегенім бала, Санды дұрыс сана.Сенің қанша атаң бар?Сенің қанша апаң бар?Шыңғысхан:Екі дегенім ешкі,Таудан келер кешке.Нұрғиса: Үш дегенім үйім,Үйде жақсы күйің. Мерей: Жылқы, сиыр, түйе, қой,Төрт түлігін біліп қой. Асанәлі: Бес дегенім бесік, Келеді сәби өсіп.

    Білім беру саласы ҚатынасБөлімі Тіл дамтыуТақырыбы: Ұлттық киімдерМақсаты: а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.Әдәс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім.Сабақ барысы

    Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиеші іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
    Ұйымдастыру-оятушылық

    Сергіту сәті

    Д/о

    Қорытынды

    Амандасу шеңберін ұйымдастырады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәріміз бір-бірлеріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасап тұрайық.
  • Балалар, біз таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда алдымен қай жаққа қараймыз?
  • Онда нені көреміз?
  • Дұрыс айтасыңдар.
  • Егер олар жарқырап нұрын шашып тұрса, қалай қуанамыз?
  • Олай болса, балалар, бәріміз қуанып, жаңа күнді қарсы алып, шеңбер жасап отыра қалайықшы.
  • Қыз бала қалай отырады, ұл бала қалай отырады?
  • Қане, балалар, қолдарымызды бір-бірімізге түйістіріп көрейікші.
  • Не сезіп тұрсыңдар?
  • Осы алақан жылулары арқылы бір-бірімізге игі тілектер мен жылы лебіздер білдірейік.
  • Көп жасаңдар. Айтқан тілек сөздерің қабыл болсын, ниеттеріңе жетіңдер!
  • Ал қоржынның қалтасында не бар екен, оны да алып көрейікші. Қане, балалар, кім айтады, мынау қандай зат?
  • Дұрыс біз бүгін қазақтың ұлттық киімі – шапанмен таныс боламыз. Балалар жыл мезгіліне байланысты шапанның бірнеше түрі болады.
  • Шолақ жеңді, ұзын жеңді шапан, ал қыс кезінде киетін қалыңдау түрін – шеппен деп атайды. Шапанның ұзын да, қысқа да түрлері болады.

  • Балалар, шапанды ұстап көріңдер, неден жасалады екен?
  • Шапанның түсі қандай екен?
  • Шапанның шеті немен безендірілген?
  • Шапанды кімдер киеді?
  • Балалар, шапанды біз қандай мерекеде киеміз?
  • Дөңгеленіп тұрамыз,Керегені құрамыз.Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп,Киіз үйді құрамыз.

    Балалар, біз ұлттық киіммен таныстық, оны аталарымыз киетінін білдік. Көбіңнің аталарың бар. Аталарымызды жақсы көреміз. Мен сендерге ақын Қадыр Мырза Әлі атамыз жазған «Менің атам» деген өлеңін оқып берейік. Мен алдымен өлеңді мәнерлеп оқимын. Ал сендер өлеңнің кімдер жайында айтылатынын естеріңе сақтап алыңдар. Менің атам Атам менің ауылда, Қой бағады ежелден.Қадірлі атам қауымға,Сый-құрметке бөленген.

  • Бұл өлең сендерге ұнады ма?
  • Өлең кім туралы айтылған екен?
  • Қане балалар өлеңді бәріміз жаттап көрелік.
  • «Қуыршақты киіндіру» Ойын шарты: Қатты қағаздан жасалған ойыншық қуыршаққа балалардың ұлттық киім кигізуі.

  • Балалар, бәріміз бірігіп, атамыз киетін шапанды жабыстырайық, деп балаларды жабыстыру жұмыстарына жұмылдырылады.
  • Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтайды.

    Шеңберге тұрады.

  • Терезеге қараймыз.
  • Күннің нұрын, күнді көреміз.
  • «Алақай» деп қолдарын шапалақтайды.

    Шеңбер жасап отырады.

  • Жылылық.
  • Күніміз жарық болсын!Аспанымыз ашық болсын!– Күніміз сәтті болсын!– Деніміз сау болсын!

    Ұлттық киім – шапан.

  • Матадан.
  • Көк.
  • Ою-өрнекпен.
  • Аталар, әжелер, апалар.
  • Наурыз мерекесінде. Тәуелсіздік мерекесінде.
  • Балалар сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.

  • Ұнады.
  • Қой бағатын ата туралы.
  • Балалар жаттайды.

    Балалар қатты қағаздан жасалған қуыршақты ұлттық киіммен киіндіреді.

    Қағаздан қиылған дайын шапанды ақ қағазға желіммен жабыстырады.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.