Көктайғаққа байланысты Атырау — Астрахан күре жолы жабылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 09:09 177

Көктайғаққа байланысты Атырау - Астрахан күре жолы жабылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Көктайғаққа байланысты Атырау — Астрахан күре жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарға қарағанда, Атырауды Ресейдің Астрахан облысымен байланыстыратын жолдың барлығы көліктің барлық түрі үшін  жабылған. Себебі — көктайғақ.

 Еске сала кетейік, Қазақстан-Ресей шекарасында жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, жол мұз қатқан болатын.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздықтарына байланысты Астана мен Қазақстанның бес облысында жолдар жабылғаны туралы хабарланған еді.

Автор: А. Соколов

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz