Көкшетауда тыржалаңаш суреттер сатқан қыз ұсталды
Полицейлер әлеуметтік желіге жалаңаш суреттер жүктеген 21 жастағы тұрғынды қолға түсірді. Қыз бала порнографиялық суреттер таратумен айналысқан, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Ақпан айында Көкшетау полиция бөліміне Света есімді қыздың порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді таратумен және жарнамалаумен айналысатын сайттардың бірінде хабарландыру орналастырылғаны туралы ақпарат келіп түсті.
«Аталған факті бойынша 9 ақпанда Antifraud жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған 21 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Өткен жылы полиция қызды осындай құқық бұзушылық үшін тартқаны белгілі болды. Алайда, ол үшін бұл сабақ болмады. Сонымен қатар, қыз бір жылдан астам уақыт бұрын интимдік сипаттағы қызметтерді көрсете бастағаны және осылайша өзін түрлі сайттарда жарнамалағаны белгілі болды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жеңіл мінезді қызға қатысты полиция ҚК-нің 311-бабы — «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату»бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу амалдары жалғасуда.