Қазақстанда пәтер бағасы тағы қымбаттады

0

Қазақстанда пәтер бағасы өсті. Жаңа тұрғын үйдің құны 3% – ға, қайталама нарықтағы пәтерлер бір айда 5% өсті. Жалға берілетін тұрғын үй құны 2,7% көтерілді, деп хабарлайды ORDA.

Жаңа тұрғын үйге жылдық өсім (2021 жылғы қаңтар – 2020 жылғы қаңтар ) 7,3% – ды, қайталама тұрғын үйге-17,9% – ды құрады.

Облыстарға бөлгенде

«Крыша» порталының сарапшылары еліміздің әр өңіріндегі ұсыныстардың орташа бағасын атаған болатын.

Ең үлкен өзгерістер Петропавл мен Павлодарда байқалады. Бұл өңірлерде индекс 5.2% – ға өсіп, тиісінше 1 шаршы метр 308 425 және 255 650 теңге болып отыр.

Өскемен мен Көкшетауда өсім 4.8 және 4.2% -ға жетіп, бір шаршы метр 296 625 және 263 575 теңгеге өскен. Қызылордада аудан бірлігінің орташа құны 3% – ға артып, 156 625 теңгені құрады.

Басқа қалалардағы бағалар мен динамикалық көрсеткіштер:

  • Шымкент-312 875 тг/ш. м (+2.8%);
  • Ақтөбе-178 800 тг/ш. м (+2.8%);
  • Семей-237 050 тг/ш. м (+2.7%);
  • Тараз-214 950 тг/ш. м (+2.7%);
  • Талдықорған-259 850 тг/ш. м (+2.6%);
  • Қарағанды-287 825 тг/ш.м (+2.4%).

Алматыда бір шаршы метр 468 400 теңгеге бағаланды, бұл желтоқсан айымен салыстырғанда 2.3% – ға қымбат. Нұр-Сұлтанда-357 125 теңге, динамика 1.5% құрады.

2% – дан төмен өсім Қостанай мен Атырауда да байқалады: 253 825 және 283 150 тг/ш. м.

Бағаның төмендеуі екі қалада байқалды: Орал қаласында 3.2% – ға (1 ш.м. үшін 228 725 теңге), Ақтау қаласында 4.6% – ға (191 875).