Көкшетауда лифті өртеніп, 22 адам құтқарылды

0

Ақмола облыстық ТЖД мәліметі бойынша оқиға 13 қарашада түнгі уақыт 22:30 шамасында Васильковка 35 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.

«Төтенше жағдайдың салдарынан 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде жетеуі балалар. Зардап шеккендер жоқ.  Өрттің шығуына лифтінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды», деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Думан Дəлешов.

Дереккөз: ҚазАқпарат