Көкшетауда 27 жастағы ер адам мешіттегі садақа сейфін тонап кеткен
Қосшы тұрғыны есікті бұзып кірген. Ол бірден сейфке қарай бет алып, садақа сейфіндегі қаржыны ұрлаған. Белгілі болғандай, күдікті бұрын-соңды мешіттерге ұрлыққа түсіп жүрген, — деп хабарлайды KTK арнасы.
Ақшаның жоғалғаны туралы мешіт қызметкері хабарлады. Сейфтен шамамен 650 мың теңге ұрланғаны белгілі болды. Полиция бейнекамералардың жазбаларын зерттеп, куәгерлерден сұрап, күдіктінің кім екенін анықтады. Бұған дейін мұндай жерлерде ұрлық жасағаны үшін бес рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ақшаның барлығын қыз-қырғынға жұмсағаны белгілі болды.
«Тергеу-жедел тобы оқиға орнынан күдіктінің саусақ іздерін алып, шабуылдаушы сейфті ашқан құралдарды іздеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 — бабының 3-бөлігі бойынша «ұрлық» сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдікәрімова.
Фото: kazislam.kz