Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші кешірім сұрады

0
2

Көбейтұз көліне жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен кіріп кеткен азамат кешірім сұрады.

Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Тәртіп бұзған азамат  Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен кетіп бара жатқан. Жол-жөнекей  қызғылт көлге соға кетуді ойлаған екен.

«Әрине, мен дұрыс әрекет жасамадым. Көлге көлігіммен кіріп кеткенім үшін кешірім сұраймын. Жаяу жүріп те бара алатын едім, бірақ солай болды. Әлеуметтік желілерде тез таралып, талқылау түскені үшін кешірім сұраймын. Шын сөзім, 40 жасқа келгенде мұндай қылық көрсетем деп өзім де ойламадым» – деп өз ісін түсіндірді жүргізуші.

 

stan.kz
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз