Кинзингер: «Егер Путин ядролық қару қолданатын болса, Украинаға АҚШ әскерін жібереміз»

0

АҚШ-тың республикалық конгрессмені Адам Кинзингер егер Ресей Федерациясы жаппай қырып-жою қаруын қолданатын болса, АҚШ әскери күштерін Украинаның аумақтық тұтастығын қорғау үшін пайдалануға рұқсат беретін бірлескен қарар ұсынатынын хабарлады, деп жазады kznews.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясы химиялық, биологиялық және/немесе ядролық қаруды қолданған жағдайда әкімшілік тиісті шара қолдану мақсатында мен осы AUMF-ті (қарулы күштерді қолдануға арналған қарар-ред.) қарарын анық қызыл сызық ретінде ұсынамын. Біз адамзатты қорғауға тиіспіз, сонымен қатар одақтастарымызбен бірге болуымыз керек»», — деді ресми өкіл.

Кинзингер АҚШ президенті Джо Байденнің Путинді тоқтату қажеттігін бірнеше рет атап өткенін еске салды. Осы орайда ол мұндай мәлімдемелердің маңызды екенін, сонымен қатар іс жүзіндегі қадамдар да маңызды екенін қадап айтты.

Демек әлемдегі ең ірі әскердің бас қолбасшысының қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін өкілеттігі мен құралдары болуы керек, деп атап өтті конгрессмен.