Киелі өлкеде моншаға жезөкше әкеліп беріп жүрген жеңгетай ұсталды

0

Түркістан қаласында тәртіп сақшылары жеңгетай болып, еркектерге жезөкшелерді шақырып отырған монша қызметкерін қолға түсірді. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті моншалардың бірінде жеңгетайлықпен айналысып жүрген әйел туралы ақпарат Түркістан полициясының кезекші бөліміне түскен. Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға барып, келіншекті ұстаған. Оның келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынғаны, сол үшін ақы алғаны анықталды.

Құқық қорғаушылар оқиға орнында ақша үшін жыныстық қызмет көрсеткен Өзбекстан азаматын ұстаған.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.