Сицилияда үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

0

Сицилияның Троина қаласында қараусыз қалған үйлер 1 еуродан сатылымға шығарылды. Билік осылайша олар қалаға жаңа тұрығындарды тартып жатыр.

Қала мэрі Себастьяно Фабио Венеция қараусыз қалып, қираудың алдында тұрған үйлерді сату үшін онлайн агенттіктерден көмек сұраған.

Қаңтар айының соңына дейін жергілікті билік 30 үйді 1 еуродан сатпақ. Алдағы уақытта олардың қатары тағы 100 үймен толыспақ, ол үшін бұрынғы қожайындары үйді биліктің қарамағына тапсыруы керек.

Дегенмен, бұл бағдарламаның өз шарты бар. Сатып алушылар 1 еуродан бөлек 5 мың еуро көлемінде кепілдік беріп, үйге жөндеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін сатып алушыға үш жыл уақыт береді. Үйге жөндеу жұмысы жасалып біткен соң кепілдеме қайтарылады. Оның үстіне жергілікті билік жөндеу жұмысының жарты шығынын өз мойындарына алуға әзір.