Кешегі Қайратым руxтанған алаңда бүгінде шырша тұр…

0
77

Сағынып күтпес ем…

Сағынып күтпес ем күнімді мұнша бір,

Тынысым тарылса түбінде тұмшаның.

Кешегі Қайратым рухтанған АЛАҢДА

Бүгінде ШЫРША ТҰР.

Желтоқсан ақ қарын бояған қызыл қан-

Намыстың дәлелі оянған қыз ұлдан.

Кешегі Қайратым ҚАРЫНДАС дегендер,

Бүгінде БҰЗЫЛҒАН.

Бақытты, баянды біздегі балалық.

Бағысын білмесең, өзгеге қара да, ұқ.

Кешегі Қайратым ҚАЗАҚПЫН дегендер

Бүгінгі ШАЛАЛЫҚ.

Тағдырға ренжитін соншама не кештік

Шүкірлік етпесек, бал шырын неге іштік?

Кешегі Қайратым АЛЛА ЖАР деп еді

Бүгінде ИГИШ-тік

Сағынып күтпес ем күнімді мұнша бір,

Азаттық таңы атпай, қараңғы тұрса күн.

Бүгінгі барыма Аллаға мың шүкір

ЖОҒЫМА ҚҰР САБЫР.

Әлімжан Асқаров

«Қамшы» сілтейді