Кептеліс, жол апаты, көктайғақ: Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

0

Алматыда 30 қарашадан бастап тоқтаусыз қар жауды. Нәтижесінде жолда кептеліс болып, көлік апаттары орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz. Фото: Алматы әкімдігі, Видеодан кадр Instagram / @kris_p_almaty

Коллаж: nur.kz. Фото: Алматы әкімдігі, Видеодан кадр Instagram / @kris_p_almaty

Оңтүстік астанада қыстың алғашқы күні қалың қармен басталды.

Ал алматылықтар қолайсыз ауа райының нәтижесінде болған келеңсіздіктерді әлеуметтік желіге салуда.

Жалпы алғанда олар көшедегі кептелістер мен жолдағы көктайғақтарды, көлік апаттарының суреттерін жариялаған.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, қалада қар 30 қараша күні сағат 19:00-ден бастап 1 желтоқсан таңғы сағат беске дейін жауған.

Ал қардың жалпы қалыңдығы 15 сантиметрді құраса, тауда бұл көрсеткіш 30 сантиметрге жеткен.

Түнде қаланы тазарту үшін 2500 жұмысшы мен мыңдаған арнайы техника жұмылдырылыпты. Сондай-ақ, әкімдік қар тазалау үшін қосымша құрылыс компанияларынан 110 аударғыш көліктер алдырған екен.

Мекеменің хабарлауынша, таңғы сағат 08:00-де қаладан 1955 кубометр қар шығарылыпты.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

Қазіргі уақытта тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

Әкімдік демалыс күндердің соңына дейін қаладағы негізгі көшелерді қардан тазарту жұмыстары аяқталатынын айтты.

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі