АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш дүниеден озды

0
АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш дүниеден озды


Үлкен Джордж Бушты жерлеу рәсімі қашан өтетіні әзірге хабарланбады.

Айта кетейік, үлкен Буш 94 жасқа жеткен бірінші американдық көшбасшы. Ол АҚШ-тың 43-ші Президенті, яғни кіші Джордж Буштың әкесі. Үлкен Джордж Бушты жерлеу рәсімі қашан өтетіні әзірге хабарланбады.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, үлкен Буш Паркинсон ауруынан зардап шеккен және соңғы алты жылда мүгедектер арбасына байланған. Соңғы жылдары ол бірнеше рет ауруханаға жатқызылған.

Үлкен Буш 1989-1993 жылдар АҚШ-тың президенті болды. Рональд Рейганның (1981–1989) кезінде вице президент қызметін атқарған. Оның артында 5 баласы, 17 немересі, 8 шөбересі қалды.