Кенжебек Жанәбілов 40 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

0

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов 40 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін жақындарымен бірге дүркіретіп атап өтті. Эстрада жұлдызын өнердегі бірқатар әріптесі құттықтап келген, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Кенжебек Жанәбілов 40 жасын оңтүстік астана мейрамханаларының бірінде тойлаған. Әншінің қуанышына туған туыстарымен қатар, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де барған. Олардың қатарында Мейрамбек Бесбаев, Ернар Айдар, Жасұлан Базарбаев, Сәкен Майғазиев, Әбдіжаппар Әлқожа бар.

Той қонақтары көңілді кештен түрлі фото мен видео жариялап, оны желі қолданушыларының назарына ұсынды. Олар мерекелік шарада би билеп, көңіл көтерген. Оған қоса меймандар туған күн иесіне ақ тілегін жаудырып, өз сый-сыяпатын табыстаған.