Келіссөздің ең басты қайшылығы неде?
Оңтүстік Корея ресмилері таратқан мәліметке қарағанда, АҚШ-тың Солтүстік Корея ісі жөніндегі арнайы өкілі Стивен Бэкон 19 желтоқсан күні Сеулдегі ресми сапарын бастаған. Ол Оңтүстік Кореяның ресми лауазымды тұлғаларымен келіссөз жүргізу арқылы АҚШ-КХДР арасындағы келіссөздің кедергілерін жоюға тырысады.
Стивен Бэкон өткен айда АҚШ-Оңтүстік Корея арасындағы үйлестіру жұмыс тобына қатысып, Солтүстік Кореядағы үйлестіру жұмыстарын атқарған. Ол сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Біріктіру министрлігінің өкілдерімен де кездеседі.
Биыл жыл басынан бері өңірлік, тіпті жаһандық қауіпсіздікке кері әсерімен белгілі Корей түбегі мәселесінде оң өзгерістер көрінді. Айталық, Оңтүстік пен Солтүстік Корея арасында барыс-келіс орнап, екі ел басшылары үш мәрте ресми кездесу өткізді. Тіпті, жыл соңына дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Сеулге сапарлай баруы да мүмкін.
Солтүстік Корея басшысы маусым айында АҚШ президенті Дональд Трамппен Сингапурда тарихи кездесу өткізді. Бұл Корей Халықтық Демократиялық Республикасы тарихында АҚШ президентімен кездескен алғашқы басшы болып қалды. Бұл кездесуде Ким Жоң Ун Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламаларынан бас тартуға мақұл болған. Дегенмен, Пиоңяң билігі (Пхеньян) ядролық қаруларын жоғалтуға асығар емес.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Солтүстік Корея арасында ядролық қаруға байланысты келіссөздер енді ғана негізгі сатыға өтті. Өткен аптаада АҚШ лауазымдылары жасаған мәлімдемеде «екі елдің ядролық қарудан бас тарту туралы келіссөз беталысы жақсы» деген болатын. Алайда, бұл мәлімдемелерге АҚШ лауазымды тұлғаларын қамтыған көптеген адамдар күмәнмен қарайды.
Қазір АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы бірден ең негізгі қайшылық мынада: Солтүстік Корея тарабы келіссөзде АҚШ-тың санкцияларын жеңілдетуді, осы арқылы ядролық қарудан бас тартқаннан кейін екі ел қатынасының жақсы болатынын дәлелдеу талабын қояды; ал, АҚШ тарабы Солтүстік Корея ядролық қарудан түбегейлі бас тартқанға дейін санкцияны жеңілдетпейтінін айтады. Әрі, әлем елдерін БҰҰ санкциясын қатаң сақтауға шақырады.