«Келінді болдым»: Айнұр Тұрсынбаева ұлын үйлендірді

0

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлын үйлендіріп, келін түсірді, деп жазады kznews.kz сайты.

«Қатты толқып отырмын! Бұл қуанышты бөліспеудің өзі кінә сияқты! Көзімнің ағы мен қарасы, ұлым Бегланым шаңырағымызға келін әкеп жатыр.

Ұлымның кішкентай кезінде «қашан өседі?» деп, ержеткенін күтіп, асығатынмын. Келін түсіру деген алыстағы армандай көрінетін. Сөйтсем, уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен ғой. Міне, бүгін келінді болдым. Аппақ келіннің басына ақ орамал тағып, отқа май салғыздық. Әжелеріміз айтпақшы, енді екі қолымды жылы суға салып отыратын сәтке де жеттім. Зымыраған өмір-ай…

Сәби болып құшағымда отырғаның кеше ғана сияқты еді. Ержетіп кеткеніңді байқамай да қалыппын-ау. Бакытты болыңдар!

Жаңа түскен келіннің есімі — Мәдина, 21 жаста.

Тойға шақырмадың деп ренжіп жатқандар да бар. Бұл жәй ғана неке қиюға арналған дастархан ғой. Той енді болады. Айтпақшы келінімді өзіме ұқсатып жатқандар көп екен. Ұқсай ма екен шынымен?» — деп жазды ақын.