Келесі жылы Маңғыстауда жаңа вагондар іске қосылмақ

0
118

Он жыл ішінде өңірде оң өзгерістер орын алды, мысалы теміржолдың ашылған жылғы ұзындығы 814,4 шақырым болса, бүгінгі таңда 1359,8 шақырымды құрайды, ал станциялар мен бекеттер саны 35-тен 60-қа дейін артқан. Сондай-ақ, өңірдегі жалпы теміржолшылардың саны екі есеге яғни, 2800 адамнан  5804 адамға дейін жетіп отыр, бұл әлеуметтік топтың жұмыспен қамтылуына септігін тигізетін көрсеткіш.

Сонымен қатар, келесі жылы «Маңғышлақ-Ақтөбе» және «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойыздарының вагондары жаңартылатын болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы» АҚ филиалының «Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің» директоры Н.Ғұбашев мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған, мәселені шешу үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі арасында келісім жасалды. Украинада жасалған вагондар 2019 жылдың жаз айына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы