Кедейлерге «көктен ақша жаудырған» бизнесменді полиция ұстады

0
66

Гонконг полициясы қаланың кедей ауданына ақша шашқан бизнесменді қамады. Бұл туралы  South China Morning Post хабарлады.

Бұдан бұрын белгісіз ер адам аудан тұрғындарынан «аспаннан ақша жауады дегенге сенесіздер ме?» деп сұраған екен. Алайда ғажайыпқа сенбейтін кедейлерді көрген 24 жастағы бизнесмен ғимараттың жоғарғы қабатына шығып, терезеден ақша шашқан. Тұрғындар жапа-тармағай ақшаға қарай жүгіреді.

Ер адам осындай қайырымдылығы арқылы өз кәсібіне жарнама жасауды да ниет еткен. «Көктен шашылған» қаражаттың нақты мөлшері белгісіз, полиция қызметкерлері небәрі 800 АҚШ долларын жинаған. Бүгінде кәсіпкер қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен қамауда отыр.

«Қамшы» сілтейді