Каспийде әскери-теңіз оқу-жаттығулары өтті

0
22

Ресей Каспий флотилиясын не үшін күшейтіп жатыр? Бұл сұраққа әскери шолушы Александр Хроленко жауап беруге тырысты

Ресей Федерациясының Оңтүстік әскери округі Каспий флотилиясы кемелерінің оқу-жаттығу міндеттерін орындауы – жоспарлы әскери дайындық шаралары, және де бұған қоса, Иран төңірегінде шиеленістің күшеюі жағдайында өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту технологиясы.

10 қаңтар күні Каспий флотилиясының «Дағыстан», «Татарстан», «Град Свияжск», «Углич», «Ұлы Устюг», «Волгодонск», «Махачкала», «Астрахан» зымыран және артиллериялық кемелері бірінші курстық міндет элементтерін тапсыруға кірісті. Оқу-жаттығуға барлығы әскери-теңіз флоты жедел-стратегиялық бірлестігінің 30-дан астам кемесі тартылды.

Экипаждар шайқасқа дайындық, әуе шабуылы мен диверсияға қарсы қорғаныс, кеме төзімділігі үшін күрес элементтерін игеруде.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін бірлесе зерттейді

Әр курстық міндет бірқатар арнайы қосымша міндет пен әскери жаттығудан тұрады. Бастапқыда – базада, одан кейін – теңізде жалғыз, және одан әрі – теңізде тактикалық топ құрамымен бірге жаттығу көзделген. Жалпы, Каспий флотилиясы Ресей мен оның одақтастарының ұлттық мүдделерін рет-ретімен, жүйелі түрде қорғайды, әскери әдістермен жаһандық және өңірлік деңгейлерде тұрақтылықты нығайтады.

26 «Калибр» қанатты зымыраны алғаш рет 2015 жылы дәл осы Каспий флотилиясынан 1500 км астам қашықтықтан қолданылды. Жақында бірлестіктің әскери мүмкіндіктері біршама артады, себебі «Калибр-М» модификациясының ату алыстығы 4500 км-ден асады. Жаңа қанатты «Калибрлер» бірінші кезекте теңізден құрлықтағы нысандарға соққы жасауға арналған және оларды ядролық оқтықтармен жарақтауға болады.

Басты әскери күш

Соңғы жылдары Каспий флотилиясы 18 жаңа кемемен толықты және бүгінгі күні өңірдегі ең қуатты әскери-теңіз бірлестігі саналады. Сандық, сапалық құрам Ресей Федерациясы ұлттық қауіпсіздігі қатерлеріне сәйкес келеді және ол дамыған инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Олардың басты қуаты – зымыранды кемелер.

Әскери-саяси жағдайға байланысты 2018 жылдың көктемінде Каспий флотилиясының негізгі күштері Астраханнан Каспийскіге, 400 километр оңтүстікке қарай орналастырылды. Бірлестіктің жаңа басты базасында жағалау бөлімдері қарқынды түрде көбейіп, база заманауи қару-жарақ, пирстер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету нысандары, әскерилерге арналған баспанамен қамтылып келеді.

Тағы оқыңыз: Омбы институты екі қазақстандық кемені байланыс құралымен жабдықтайды

База болашағы алдын ала көп жылға жоспарланады. «Бал» мен «Бастион» кемеге қарсы жағалау зымыран кешендері Каспий теңізі айдыны мен жағалауда ерекше қорғалған аудандар құруға мүмкіндік береді. «Триумф» С-400 зениттік зымыран жүйелері 500 километрге дейінгі радиустағы қоршаған кеңістікті әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс күмбезі арқылы қорғайды.

Каспий флотилиясы бүгінгі күннің өзінде әскери техниканы қолданудың жаңа әдістерін игеріп, қарапайым теңіз ұрыстарынан құрлықаралық «күш проекцияларына», қарсыласын теңізде, құрлықта және әуе кеңістігінде – мыңдаған километр қашықтықтан тежеуге ауысуда.

Конструктивті ынтымақтастық

Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы текетерістің қайта басталуына алғышаттар ешқайда жоғалмағанын мәлімдеді.

Оқиғаның жағымсыз жаққа өзгеру мүмкіндігі Ресей Федерациясы мен оның өңірлік одақтастары мүдделеріне тікелей қатысты. Ресей операциялық кеңестікті кеңейтіп, Каспий флотилиясының қуатын күшейте отырып, бүкіл стратегиялық Орталық-Азия бағытында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтады. Флотилия кемелері Әзербайжан, Қазақстан және Иранмен өткен бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуларына қатысты.

Тағы оқыңыз: Ресейде V Каспий медиафорумы басталды

Каспий маңы елдерін ортақ қауіпсіздік мүдделері біріктіреді. Иран мен Ресей 2015 жылдан бері Каспий теңізінде зымыран тақырыбында бірнеше бірлескен оқу-жаттығу өткізді. Ислам Республикасы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, контр-адмирал Хосейн Ханзадидің пікірінше, екі елдің әскери-теңіз ынтымақтастығы «біршама тереңдеген». Каспий теңізінде ресейлік және ирандық кемелердің өзара сапарлары тұрақты жасалады.

Каспий флотилиясының негізгі топтары Таяу Шығысқа күшті проекциялауға қабілетті. Қорғаныс әлеуетін тұрақты түрде ұлғайту, Ресей Федерациясы шекарлары бойында қауіпсіздік периметрін нығайту – қазір талап емес, уақыт ультиматумы.

Иранның әскери-теңіз күштері Парсы шығанағы мен Ормурз бұғазында маңыздырақ болса да, бәрібір Тегеран Каспий жағалауына жақынырақ орналасқан. Каспий маңы аймағы – Ислам Республикасының маңызды сыртқы саяси бағыты. Ресейдің Иранмен тату көршілігі және әскери ынтымақтастығы – бейбітшіліктің сенімді әрі жасампаз құралы, бұл Сирияда дәлелденді.



sputniknews.kz