Kaspi Bank-тің тұтынушылар үшін маңызды жаңалығы бар

0

Kaspi Bank-тің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек өзінің Facebook парақшасында кредит пен Kaspi Gold картасын рәсімдеуді, депозит ашуды енді онлайн жүзеге асыруға болатынын хабарлады.

«Банк бөлімшесіне барудың керегі жоқ. Кредитті онлайн рәсімдеген соң, арнайы кодпен банкоматтан барып ала бересіз. Код болмаса банкомат бетіңізді сканерлеп, сіз екеніңізге көз жеткізген соң, қаражатты береді», — деп жазды Ербол Азанбек.

Айта кетейік, бұрын Kaspi.kz арқылы қаражатты карта, телефон нөмірі арқылы аударылса, енді QR код арқылы аударуға болады.

«Дүкендерде енді QR код арқылы төлем жасауға болады. Мысалы: теледидар алғыңыз келді. Дүкенде теледидардың жанында QR код тұрады. Сіз кодты Kaspi.kz арқылы сканерлеп, төлем жасай бересіз. Картаның керегі жоқ. Телефон, Kaspi.kz қосымшасы болса жеткілікті», — деп түсіндіріп өтті Ербол Азанбек.

Ксәпіерлер QR код арқылы төлем қабылдай алатын болды. Себебі бизнес үшін Kaspi Business қосымшасы іске қосылды. Бұрын  Kaspi.kz арқылы жеке тұлғалар аударым, төлем сияқты қызметті жасаса, енді Kaspi Business бизнес үшін тура сондай қызметтерді ұсынады.

Салық,  әлеуметтік төлем, жалақыны онлайн аудару, шотты онлайн басқару, шоттан онлайн қаржы аудару т.б қызметтер бар. Kaspi Business картасы іске қосылды. Kaspi Gold-ың бизнеске арналған түрі. Шарттары, қызметі тура Kaspi Gold-тағыдай.

Ербол Азанбек Kaspi.kz-тегі хабарлама қызметі хабарлама 2.0-ге ауысқанын да хабарлады.

«Бұрын төленген қызмет, алынған қаражат бойынша қосымшаға хабарлама келетін. Енді сол хабарламаға мәтін, смайликпен жауап беруге болады. 
Коммуналдық төлем туралы хабарлама келсе, бірден сол жерден жауап ретінде төлем жасай аласыз.

Сосын, біздің банкоматтарымыз «ақылды» банкоматтарға ауысуда. Қазір депозиттен немесе онлайн рәсімдеген ақшаңызды алғыңыз келсе, банкомат бет-әлпетіңізді сканерлеп, сізбен атыңызды айтып, амандасып, сұраған қаражатыңызды береді. Бүгін таныстырылымда Михаил банкоматқа бас киім, көзілдірік киіп жақындап еді, «кешіріңіз, бас киім, көзілдірігіңізді шешіңіз», деп шешкізіп, сосын қолына Казправданы ұстауды сұрады. Сосын барып, танығанын айтып, сұраған ақшасын берді)

Бұрын бонустарды тек ішкі төлемдер үшін төлеуге болатын. Енді бонустар арқылы дүкендерде төлем жасауға болады.

Тағы бір жаңалық, Forbes ірі жаңалық деп бағалап үлгерді — Kaspi келесі жылы Лондон Қор биржасында ІРО-ға шығады» деп жазды Ербол Азанбек.

«Қамшы» сілтейді