Қазақстан Республикасы парламент депутаттарының құқықтық жағдайы

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ
ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Парламент және парламентаризм ұғымдарының тарихи даму кезеңдері 9

1.2 ҚР Парламент функцияларының жіктемесі
14
1.3 ҚР Парламентінің конституциялық құқықтық жағдайы мен құзыреті 27

1.4 ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің ерекшеліктері
42

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ
ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘРТЕБЕСІ
2.1 Конституциядағы көрсетілген Қазақстан Республикасы
48
азаматтарының міндеттері мен құқықтары

2.2 ҚР Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
66

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ
МӘРТЕБЕСІ МЕН ИММУНИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Артықшылық пен иммунитеттің ұғымы мен иммунитеттің
73
топтастырылуы

3.2 Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына қатысты
81
Қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері

3.3 ҚР Парламент депутаттарына қол сұғылмаушылық және
қызметтерін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері
86

ҚОРЫТЫНДЫ
90

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
94

ҚОСЫМШАЛАР
99

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыптың өзектілігі: Конституцияға сәйкес құрылған қос
палаталы Парламенттің Қазақстан Республикасындағы жоғарғы өкілді орган
ретінде қалыптасуы, оның одан әрі даму жолына түсуі еліміздің қоғамдық-
саяси өміріндегі елеулі оқиға. Ал оның тарихы болса ғасырлар қойнауында
жатыр. Сондықтан да, республикамыздағы өкілдік биліктің өткені мен
бүгініне, болашағына көз жүгіртіп, жаңа өтпелі кезеңде жан-жақты зерттеу.
Сонымен ,бірге тақырыпты зерделеп-зерттеу, Қазақстан халқының саяси,
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық ой пікірін қалыптастыруына бірден-бір
ықпал ететін негізгі құндылықтардың көзі. Өйткені, Парламент заң шығару
қызметін жүзеге асыратын республикамыздағы ең жоғары өкілді орган болып
табылады [1].
Жалпы, заң шығару қызметінің күрделілігі қай мемлекетте болмасын оның
құқықтық жүйесін қалыптастырудағы орнымен айқындалады. Қоғамдық
қатынастарды қалыптастырып, Парламенттің заң шығарушылық қызметін үздіксіз
дамытып отырмай Республикамыздағы басқа да қоғамдық-саяси өмірдің тыныс-
тіршілігін пайымдау оңайға түспейді. Сондықтан да әртүрлі саяси күштер мен
фракциялардың, партиялардың, топтардың ой-пікірлерімен санаспауға тағы
болмайды. Зерттеу жұмысымызда біз заң шығару мәселелерін теориялық зерттеп-
зерделеуі жағына аса мән бердік. Өйткені, кез-келген заң жобасы қай
тараптан, кімнен ұсынылмасын, оларға кім бастамашылық жасамасын, алдымен ол
өз мәтіндерінде қоғам дамуына ғылыми тұрғыдан келуі керек. Оған мамандарды
тартып, қоғамдық және депутаттар пікірлерін бір жүйеге түсіретін жаңа
бағыттағы әдістемелік жұмыстар ауадай қажет.
Біз осы кіріспе бөлімімізде елбасымыздың халыққа жолдаған Жаңа
онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты
жолдауында Парламентке тиісті заң жобаларын әзірлеуді тапсырғанын айта
кеткіміз келіп отыр . Елбасы жолдауда Парламентке мынадай тапсырма берді:
денсаулық сақтау; тұрмыс жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау;
ардагерлерге қамқорлық; тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат
[2]. Осы аталған тапсырмалар қазіргі таңда Парламентте кезегімен орындалып
жатыр оны біз күнделікті бұқаралық ақпараттардан көріп, біліп отырамыз.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң
шығарушылық процесінің күрделілігі, олардың басқа мемлекеттік органдармен
байланыстағы ара қатынас ерекшелігі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Оларды
зерттеп-зерделеудің теориялық негізі қаншалықты өзекті болса, оны іс-
әрекетпен тиісті шара жүзінде пайдалана отырып іске асыру, олардың
орындалуының нәтижесін көру де соншалықты өзекті. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару,атқару
және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Осының нәтижесінде
Парламент және парламентаризм институттарын құруға қарай маңызды бір қадам
жасалды. Қазақстан Республикасының 1993жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті
республиканың бірден-бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды. Жаңа
ұлттық құқықтық саясатты негізіне алған заңдарды 12-шақырылған Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Алайда, Жоғарғы Кеңес Парламент бола
алған жоқ және Қазақстанда парламенттік республика орныққан жоқ.
Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше,Қазақстан үшін парламенттік республиканың
орнықтырылмағаның себебі, онда …парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті,
көп партиялықтың дамыған жүйесі болмады және, ең бастысы, мұның бәрін
халықтың көпшілігінің санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол
жоқ.[2,5б] Бұл үшін уақыт керек болды. Президенттік басқару жүйесі елді
басқарудың тиімді прогрессивті әдісі болып шығуы мүмкін. Қазақстан
Республикасының 1995жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін
жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде бағалап басқаша сипаттама
берді. ҚР-ның Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де,өкілді демократия
органы ретінде де өмірге келді [3]. Халық тікелей ғана емес, Парламент
арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді. Парламент сондай-ақ заң шығару
қызметін жүзеге асыратын орган да болып табылады. Сонымен бірге, Парламент
Президенттің заң шығарушылық қызметін өкілеттік берілген және тәуелдік
сипатта болатындығын да атап айтқанымыз жөн.[4] Парламент тұрақты негiзде
жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасы Парламенті
депутаттарының мәртебесі мен иммунитеттерінің құқықтық мәселелерін
қоғамдық қатынастар ретінде саралап карастыру.
Аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді қоямыз:

-Қазақстан Республикасында Парламент және Парламентаризм
институттарының қалыптасуының ерекшеліктерін;
-Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық құқықтық
иммунитеттерінің анықтау;
-Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарының мәртебесі мен
иммунитеттерінің құқықтық мәселелерін шешудің жолдарын қарастырамыз.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстандағы өкілдік биліктің
қалыптасуы, сонымен бірге өкілді биліктің заң шығару қызметіне ықпал ететін
қоғамдық қатынастардыңшешілу мәселелерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні: ҚР Парламентінің және оның депутаттарының
құқықтық мәртебесінің мәселелерін басқа да заң саласы институттарымен
байланыстыра отырып саралау.
Тақырыптың теориялық және әдістемелік негіздері: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Парламент туралы заңдар, нормативтік және
ережелік құқықтық актілері және көптеген заңгер ғалымдардың еңбектерінде
зерттеліп қарастырылған.
Тақырыптың зерттелу әдісі: Осы жұмыс бірнеше зерттеу әдістерінен
тұрады. Зерттеу барысында теориялық деректермен тәжірибелік актілерге
жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар
салыстырмалы құқықтану мен жүйелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық
модельдеу әдістері қолданады.
Зерттеу тақырыптың ғылыми жаңалығы: ҚР-ғы өкілдік биліктің қалыптасуы
мен дамуына жаңаша заңдық-теориялық тұрғыдан келіп,оның заң шығарушылық
қызметіндегі іс-нәтижелеріне алғашқылардың бірі болып жаңа көзқарас
қалыптастырудағы зерттеп-зерделеуді жеке тақырып ретінде қарауымыздан
көрінеді. Сонымен бірге зерттеудің ғылыми жаңалығының тағы біріне жататын
жай ол, Парламенттің заң шығару қызметіндегі тиімділікті арттыруға
байланысты әдістемелік-нормативтік актілерді зерделеуі болып табылады.
Қорғауға шығарылатын сұрақтар:
1.Қазақстан Республикасында Парламент және парламентаризм институттарының
қалыптасуы мен ерекшеліктерінзерттей отырып, қоғамның қалыптасуына
тигізетін әсерін қарастыру;
2.Қазақстан Парламенті депутаттарының құқықтық иммунитеттерінің
мәселелерін қарастыру және олардың заңдыстырылған иммунитеттерінен
айырудың шетелдік тәжрибемен байланыстыра отырып мәнін анықтау.
Бұл жұмыстың зерттелудің практикалық негіздері: дипломдық зерттеу
нәтижелері ҚР Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесін және ҚР
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесін зерттеуде ғылыми мақсатта және
оқытушылық мақсатта қолданылуы мүмкін.
Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми жұмыстар.
1. Бейсенбай А Қазақстан Республикасы депутаттарының мәртебесі мен
құқықтық мәселелері атты ғылыми практикалық конференциясының жинағы. Том
Көкшетау: АМКУ, 2012 жыл. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бөлімі
Б. .
2.Бейсенбай Адай ҚР Парламенті депутаттарына қол сұғылмаушылық және
қызметтерін құқықтық қамтамасыздандыру мәселелері
Том Көкшетау: АМКУ, 2012 секция 8 Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 20 жыл. Қайта өркендеген мемлекеттің жетістіктері және оның
әлемдік қоғамдағы даму болашағы Б.
Тақырыптың құрылымы:Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау-дан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде: Парламенттің Қазақстан Республикасындағы жоғарғы өкілді
орган ретінде қалыптасуы мен депутаттардың имммунитеттеріне байланысты
мәселелердің туындауымен байланысты жұмыстың өзектілігі,мақсаты мен
міндеттері,зерттеу объектісі пәні, зерттеу әдістері мен теориялық
негіздемелері, диссертацияның тақырыбына сай қорғауға ұсынылатын негізгі
тұжрымдамалар мен баспаға берілген ғылыми мақалалар,тақырыптың құрылымымен
қортынды бөлімі қарастырылған.
Бірінші тарау бойынша :Қазақстан Республикасында Парламент және
парламен-таризм институттарының қалыптасуы, Парламент және парламентаризм
ұғымдарының тарихи даму кезеңдері, ҚР Парламент функцияларының жіктемесін
қарастыруда.
Екінші тарау бойынша : Қазақстан Республикасы Парламентінің Конститу-
циялық құқықтық мәртебесі, ҚР Парламентінің конституциялық құқықтық
жағдайын, ҚР Парламент құзыретіне қол сұғылмаушылық қызметінің
ерекшеліктерін қарастыруда.
Үшінші тарау бойынша : Қазақстан Республикасы Парламенті
депутаттарының құқықтық жағдайын, ҚР Парламенті депутаттарының құқықтық
мәртебесін, депутаттарды иммунитеттерінен айырудың механизмдерін
қарастыру.
Қорытынды бөлімде: зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстар
қарастырылған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ
ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Парламент және парламентаризм ұғымдарының тарихи даму кезеңдері

Қазір әлем елдерінің басым көпшілігінде бар,ең жоғарғы өкілді орган
ретіндегі Парламент (лат.parlare-сөйлеу,ағылшынша parliament дегенді
білдіреді) осы аталған мағынаға сай алғаш 13-ғасырда Англияда, 17-18
ғасырларда Еуропа елдерінде құрылды. Кейбір елдерде Парламент басқаша
аталады: Ресейде Мемлекеттік Дума, АҚШ-та Конгресс, Сирияда Ұлттық кеңес,
Исландияда Альтинг, Монғолияда Ұлы Хурал,т.с.с. Парламент және
парламентаризм институттарының даму тарихы туралы сөз қозғайтын болсақ
халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік Қазақстандық
қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның–алғаш рет 
Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978
жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау
жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру
арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік
партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа
кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-
жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару
органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол
мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер,
жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын.
Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және
кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес
депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана
өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің
Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ
КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын.
Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы
Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы
заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның
бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған
жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де
комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар
мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын
орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті
болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез
келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
сайлауы өтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті
болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы
неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360
депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық
қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір
ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған
жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру процестеріне бұлжымас сипат
берді.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің
қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық
актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық
жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР 
Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің
қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің
мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет 
аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз
халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-
ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар – Мәскеуде іске аспай
қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін
қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық
ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің
қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің орнығуын
жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын
қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық
құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен
құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу
басталды [5].
1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық
экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып,
Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде
Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет
ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы
өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен
көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық
құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында,
бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің
бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды
қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік
органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады,
өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады
және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші
сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының
жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді.
Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске
Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына
мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен
бұрын тоқтатуға әкеп соқты.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің
жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен
Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың
аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса,
43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап,
әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында
жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай
жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ
пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен
жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және
Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады.
Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні
қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей
болды.
1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың
қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 проценті қатысты.
Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу
шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда 5 үміткер бір депутаттық
мандат үшін күресті.
Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы
Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: ҚХБО – 32 адам, ҚХК – 22 адам,
Социалистік партия 12 адам және Кәсіподақтар федерациясы 12 адам, сондай-
ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің
нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына
және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды [6].
1994-1995 жылдар кезеңі Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы
төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз
аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар
тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби Парламенті болды.
Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте қиындау болып
шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан
аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі
нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және
Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең
бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.
Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда
парламентаризмнің одан әрі дамуына алғы шарттар негізін салғанын мойындаған
жөн. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы
Ә.Кекілбаев: Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы
жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар.
Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы
елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні
шүбәсіз… Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап
көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық… Жаңа
мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп
жатыр.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп,
заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір
нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау
соған сәйкес жүргізілген еді.
Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің,
ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі
кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы
мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды.
Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы
Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық
кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету
ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі
өзгерістерге ұшырады [7].
1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті
жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.
Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының
тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін
билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен
тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді [8]. Негізгі Заң адамның жоғары
құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.
Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді,
оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың
біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай
мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан
көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді [9].
Қазақстанды Президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы
Конституция, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті және оның
депутаттарының мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі
туралы, Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы  Конституциялық
заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң
шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып
табылатыны бекітілген [10].
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және
Мәжiлiстен тұрады. Сөйтіп елімізде 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық
референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында
Парламент ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы
Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді
сөйтіп елімізде бірінші ҚР Парламенті 1996-1999жылы сайланды.Бірінші
сайланған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы желтоқсанда
өтті [11].
Енді Парламентаризм ұғымын қарастырып кететін болсақ, елімізде
Парламент пен Парламентаризм ұғымы бір бірімен тығыз байланысты.
Парламентаризм өзінің мұратты мақсатына, жалпы мемлекеттік
мүддеге,демократиялық дәстүрлерге қызмет етуге негізделген. Мемлекеттік
органдары мен саяси қайраткерлері ынтымақтастық пен азаматтық бейбітшілікті
нығайтатын, әр қилы шексіз әлеуметтік мүдделердің келісім саясатын ақылмен
жүзеге асыратын, жалпы массадан жалпы мемлекеттік және бүкіл халықтық
мүдделерді шебер ажыратып,оларды басқа мүдделермен үйлесімді байланыстыра
алатыны сөзсіз. Қоғамның тұрақтылығы, мемлекеттік биліктің мызғымастығы
және қоғамдық мүдделерге барынша сай саяси бағыт табу парламенттік
қызметтің және парламентаризмнің дамуының негізінде жемісті нәтиже болып
табылады. Парламентаризм туралы көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек:
С.К.Амандыкова Парламент пен Парламентаризм өзар байланысты ұғымдар
болғанымен маңызы бірдей еместігін, парламентаризмнің парламентсіз болуы
мүмкін еместігін, ал парламенттің парламентаризм элементтерінсіз де әрекет
ете алатыны, осындай парламенттердің кеңестер кезеңінде болғанын баяндайды.
Және С.К.Амандыкова парламентаризм элементтері, ең алдымен билік бөлу,
өкілдік, заңдылық [12].-деп біледі. Ал, А.А.Черняковтың парламентаризм
ұғымына берген анықтамасында: Парламентаризм-маңызды мемлекеттік
міндеттерді орындайтын, заң шығару өкілеттіктерін жүзеге асыратын,өзге
билік тармақтарымен құқықтар және заңдық шараларды, тежемелік әрі тепе-
теңдік жүйелерін пайдаланып өзара іс-қимыл жасаушы, халықтың өкілді органы
ретінде билік бөлу жүйесіндегі парламенттің басымдық жағдайы-
дейді.Жоғарыда көрсетілген авторлардың пікірімен келісе отырып, біз өз
тарапымыздан қазақстандық парламентаризм ұғымын келесі анықтамамыздан
айқындалады деп ойлаймыз. Қазақстандық Парламентаризм-әлеуметтік мүдделер
келісімін Қазақстандағы бүкіл халық мүдделеріне келтіру үшін заң шығару
өкілеттіктері мен маңызды мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру барысында
өзге билік тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы
өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын, билік бөлу жүйесінде өзінің жалпы
халықтық мәртебесіне сәйкес өкілді орган ретіндегі парламенттік басымдық
жағдайы деп ойлаймыз.

1.2 ҚР Парламент функцияларының жіктемесі

Парламенттің бақылау функциялары белгілі-бір заңиландырылған
формаларда іске асады. Парламенттік бақылаудың формалары сандық және
сапалық көрсеткіштері тұрғысынан алғанда әр мемлекетте әр түрлі. Бұлай
болуы заңды құбылыс, себебі мемлекеттің тұрпаты, әлеуметтік-мәдени және
экономикалық дамуындағы ерекшеліктер парламенттік процедураларға тікелей
әсер етеді. Керісінше аталған жәйттердегі ұқсастықтар парламенттік
бақылаудың формалары туралы ұғымды жинақтауға, жүйелеуге, сұрыптауға
мүмкіндік береді және мұндай логикалық операциялардың практикалық маңызы
жоғары. Себебі бақылаудың кез-келген формасы процедуралық ерекшеліктерден
тұрады және бақылау функциясы ретінде іске асқанда ғана көрініс табады. Ал
мұның қозғаушы күштері мен мазмұндық жүйесі қоғамның даму деңгейімен
анықталады .
Парламенттің бақылау функциясына келесі негіздер бойынша жіктеу
жүргізуге болады:
1.Субъектісі бойынша:
1) парламенттік (бірлескен отырыс формасында ұйымдастырылады не
парламент атынан төменгі палата өкілдік етеді);
2) парламент құрамына кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар
парламент палаталары комитеттер мен комиссиялар, депутаттар, депутаттық
топтар және т.б.
3) парламент құрамына кірмейтін құзырлы органдар мен тұлғалар. Есеп
палатасы, (комитеті) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Ғылыми ақпараттық
қызмет және т.б.
Бақылау функциясын субъектілері бойынша жіктегенде келесідей
ерекшеліктерге назар аударылуы қажет. Біріншіден аталған субъектілерді
бақыланатын обьектіге әсер ету сипаты бойынша екі топқа бөліп қарастырған
жөн. Оларды бақылау функциясын
1) тікелей және
2) жанама түрде жүзеге асырушы субьектілер деп бөлеміз және бұлай
бөліп көрсетудің тәжірибелік маңызы жоғары.Тікелей бақылау функциясын
жүзеге асырушы субьектіге парламент, оның палаталары,палаталардың бірлескен
отырыстары, тұрақты (уақытша), комитеттер, комиссиялар, депутаттар,
депутаттық топтар жатады. Аталған субьектілер бақылау функциясын жүзеге
асырғанда тек соларға ғана тән әрі конституциялық құқықтық актілермен
танылған бақылау нормаларын ғана қолданады (мәселен, сенімсіздік
білдіру,депутаттық сауал және т.б.) және арнайы парламенттік процедурамен
рәсімделеді. Ал бақылау функциясын жүзеге асырушы жанама субьектілерге
парламентпен толықтай не ішінара құрылатын бақылау құзыретіне ие
институттар кіреді: омбудсмен, Есеп палатасы, Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл омбудсмен, Ғылыми ақпараттық қызмет және т.б.
2. Мазмұны бойынша:
1)қаржылық-бюджеттік бақылау функциясы;
2)адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты бақылау
функциясы;
3)қоршаған ортаны қорғауға қатысты бақылау функциясы;
4)мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласындағы бақылау функциясы;
5)ақпараттық саладағы бақылау функциясы және т.б.
Параламенттің бақылау функциясының іске асу салаларын анықтау және
тізімін түгендеу билік бөлінісі қағидасының айқындылығына және саяси
тұрақтылыққа оң ықпал етері сөзсіз. Дегенмен көптеген ұлттық
парламенттердің бүгінгі таңда анықталғаннан тыс көрінбейтін өкілеттіктері
бар және бұл әр түрлі факторлерге тәуелді (парламент лидерінің саяси
ықпалы,қалыптасқан саяси немесе конституциялық дәстүр және т.б.) екендігін
ескергеніміз жөн.Сондықтанда әлем праламенттеріне ортақ әрі тек маңызды
салалардағы бақылау функциясын анықтау мен шектелу-бақылау функциясының
негізгі мәнінен ауытқуымызға және негізгі сұлбасын көрсетуге мүмкіндік
береді.
3.Парламент бақылау функциясын іске асыратын мерзімі бойынша:
1) Алдын-ала жасалатын бақылау функциясы,яғни заңсыз немесе тиімсіз
атқарушылық қызметтің орын алмауын бақылайды(парламенттің өзімен,көмекші
органдары және қызметтерімен жүзеге асырылады). Мәселен, Есеп комитетінің
бюджеттің орындалуын бақылауы заңсыздықтардың алдын алмауына және бюджеттің
ысырап етілмеуіне жағдай туғызады.
2) Ағымдағы (жедел) бақылау функциясы қабылданған барлық заңдардың
нақтылай іске асуы барысында бақылауға алады (мәселен, Қазақстанда Атаулы
әлеуметтік көмек туралызаңның іске асуы барысында депутаттық сауалдар мен
сұрақтар ықпалды болды және т.б.)
3) Кейінгі бақылау функциясы – нақтылы орын алған жағдайларға қатысты
заңның орындалуымен қатар жауапты тұлғалардың іс-әрекеттерін тексеруге және
сәйкесінше тиісті қорытынды әзірлеуге бағытталады (тергеу комиссияларының
жұмысын жатқызуға болады).
4. Парламенттің бақылау функциясының әсерлілігі мемлекеттің басқару
нысанына тәуелді. Мемлекеттің басқару нысанына байланысты республикада,
сондай-ақ монархиялы мемлекеттерде де парламенттің бақылау функциялары
кездеседі. Республикалық басқару нысанындағы мемлекеттердегі парламенттің
бақылау функциясы келесі түрлерге бөлінеді: [13].
1.Президенттік;
2.Парламенттік;
3.Жартылай президенттік:
а) президенттік-парламенттік
б) парламенттік – президенттік
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бап, 1-тармағы Қазақстан
Республикасы-президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп
бекітеді және бұл нормаға келесідей заңи кепілдік орнатқан: Конституцияда
белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын,
Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды. 2007 жылдың 21 мамырында
Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген толықтырулар мен
өзгертулер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының басқарылу түрі
жартылай президенттікке, оның ішінде президенттік-парламенттік республикаға
жақын келеді [14].
Парламенттің бақылау функциясы Конституциялық монархияларда орын
алады. Абсолютті монорхияларда бүкіл мемлекеттік билік монархтың қолында
шоғырлануы себепті бақылау функциясы теориялық тұрғыдан болуы мүмкін емес
[15].
5. Парламенттегі саяси күштердің ара салмағына қарай екіге бөлінеді:
1) парламенттік көпшіліктің бақылау функциясы
2) парламенттік азшылықтың (оппозицияның) бақылау функциясы.
Парламенттік көпшілік заңи тұрғыдан әлемдік тәжірибеде де және
Қазақстанда да парламентке тиесілі көптеген маңызды сұрақтарды шешуде
маңызды рөль атқарады. Мәселен Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес көпшілік дауыспен келесі сұрақтар шешіледі:
1) Есепті тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын
орындамаған жағдайда Палата депутатттары жалпы санының көпшілік дауысымен
оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы.
Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда
депутаттар Палата депутатттары жалпы санының көпшілік дауысымен алғашқы
өтініш берілгеннен бастап, алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің
алдында Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы мәселені қайталап қоюға
хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметтен
босатады.
2) Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент
Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені қояды. Мәжіліс сенім
білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса,
Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді [16]. Бұл арада сенім
білдіру заң актілерінде өзгеше көзделмегендіктен сенімсіздік білдіру
тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады, яғни депутаттардың көпшілік даусы шешуші
роль атқарады.
3) Парламент Мәжіліс депутаттарының көпшілік даусымен, Мәжіліс
депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің бастамасы бойынша
Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
4) Конституцияда өзгеше көзделмесе, кез келген заң жобалары, соның
ішінде республикалық бюджетті бекіту, оған толықтырулар мен өзгертулер
енгізу Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданады және
т.б.
5) Қазақстанда тұтастай алғанда қоғамдағы саяси жүйені, жекелей
алғанда мемлекеттік механизм институттарын ұйымдастыруда партиялық жүйенің
жетілмеуі Парламент Регламенттерінен анық байқалады.
6. Отандық авторлардың бір тобы атқарушы билікті бақылаудың мазмұнына
қарай парламенттің бақылау функциясын екіге бөліп қарастыруды жөн санайды:
1) Құрылтайшы( мемлекеттік органдарды құру, қайта құру және тарату,
лауазымды тұлғаларды тағайындау және міндетінен босату; сондай-ақ парламент
депутаттарының өкілеттілігін тану, тоқтату және депутаттық имунитеттен
айыру мәселесін шешу);
2) Ағымдағы сессиялық және сессияаралық бақылау. Бұған сессия
отырыстарындағы парламент, парламенттің комиссиялары мен өзгеде жұмыс
органдары және арнайы органдар сипатындағы субъектілердің бақылаушылық
қызметтері жатады.
7. Рәсімделуіне байланысты:
1. Жария (ашық).
2. Жария емес (жабық).
8. Негізі бойынша:
1. Заңи (заң бұзушылық орын алуы тиіс).
2. Саяси (үкіметтің жүргізіп отырған саясаты үшін жауаптылығы).
9. Парламенттің бақылау функциясының іске асу формаларына
байланысты келесідей негізгі түрлері бар:
1. Парламенттік тыңдау.
2. Үкімет мүшелерінің есебін тыңдау.
3. Сенім және сенімсіздік білдіру (вотумы).
4. Интерпелляция. Депутаттық сауал салу және сұрақ қою.
5. Парламенттік тергеу.
6. Импичмент.
1. Парламенттік тыңдау.
Парламент Палаталары өз құзыретіндегі мәселелр бойынша парламенттік
тыңдаулар өткізеді делінген. Парламенттік тыңдауларды Палаталар
Бюроларының шешімдері бойынша Палаталардың тұрақты комитеттері өткізеді,
әрі олар ашық және жабық нысанда өткізілуі мүмкін. Парламенттік тыңдаулар
Парламент Палаталары қызметінің ұйымдық нысаны болып табылады. Бұл
қызметтің мақсаты болып заң жобаларының тұжырымдамаларын алдын ала
талқылау, заңдардың іске асырылуы Үкімет, министрліктер мен ведомстволар
қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша жалпыұлттық және өңірлік
бағдарламалардың орындалу барысы туралы жан-жақты және объективті ақпарат
алу, сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының түйінді мәселеріне
терең талдау жасау болып табылады. Парламенттік тыңдау әдетте аптаның жұма
күндері өткізіледі. Тыңдаудың тақырыбы қоғамда өзекті мәселе тудырып
отырған сұрақтарды қамтиды және Үкімет мүшелері мен қатар арнайы шақырылған
адамдар (ғалымдар, мамандар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және т.б.)
қатысады. Мемлекеттің және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді
жария етпеу жағадайларын қоспағанда, парламенттік тыңдау көп ретте ашық әрі
жариялы тәртіпте болады. Қазақстанда парламенттік тыңдаудың қорытындылары
бойынша қатысушы депутаттың көпшілік даусымен міндеттеуші күш пен
ұсыныстар қабылданады және қандай да бір саяси не құқықтық жауаптылық
тудырмайды. Парламенттік тыңдау ұйымдастырылуының тиімділігі жағынан АҚШ-та
жақсы жолға қойылған. Депутаттар ауызша және жазбаша нысанда
баяндамашыларға және шақырылған адамдарға сұрақтар қоюға хақылы. Қазақстан
тәжірибесінде парламенттік тыңдау белгілі бір сұрақты алдын — ала талқылау
уақыты көп жағдайда парламенттің заң шығармашылық жұмысын жеңілдетеді. Өз
кезегінде атқарушы билік органдар мен ведомстволар да өкілеттілігі шегінде
шығаратын нормативті-құқықтық актілерін парламенттік тыңдаудың
қорытындысына негіздеу арқылы парламенттік атқарудың әсерлілігіне үлес
қосады.
2. Үкімет мүшелерінің есебін тыңдау .
Парламенттің әр тұрақты дербес, басқа палатаның қатысуынсыз Палата
депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша
Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі мәліметтерін
тыңдауға хақылы. Тыңдау нәтижелері бойынша Мәжіліс депутаттары тек
заңдардың тыңдалмауы (құқықтық жауапкершілік) себепті ғана көпшілік
дауыспен орнынан кетіру туралы Президент алдына мәселе қоя алады. Кей
елдерде Президент мұндай жағдайда Парламентті таратып, сайлаудың күнін
белгілей алады. Ал Қазақстанда Президент Парламент Палатасы депутаттарының
өтінішін қабылдамаса,алты айдан кейін көпшілік дауыспен қайталап қоя алады
және бұл кезде Президент Үкімет мүшесін қызметінен босатады. Үкімет мүшесі
ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметі Республиканың Премьер-Министрі оның
орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды
адамдары[17] танылады. Демек, Премьер-Министрдің Үкімет мүшесі ретіндегі
есептілігі және жауаптылығы Конституциялық тәртіппен анықталады. Ал Премьер-
Министрдің қызметінен босатылуы Қазақстан Республикасы Парламентінің
жоғарғы және төменгі палаталры болып табылатын Сенат пен Мәжіліс заңи
тұрғыдан алғанда (de jure) Үкіметті орнынан кетіре алады. Бірақ Конституция
жобасын әзірлеушілер Үкімет мүшесінін есебін тыңдау арқылы Үкіметті
бүтіндей орнынан кетіру мәселесін көтермеген әрі аудармаған тәрізді. Тіпті
саяси салдарға алып келетін мұндай өкілеттіліктің Сенатқа берілуі әрекет
етіп жатқан Конституцияның мәніне қайшы келеді деп топшылаймыз. Себебі 2007
жылдың 21мамырында Конституцияға енгізілген толықтырулр мен өзгертулердің
нәтижесінде тек Парламенттің төменгі палтасы ғана Үкіметті қалыптастыру мен
орнына кетіру өкілеттігіне ие бола алды. Бұл араға Мәжіліс тарқап кеткен
жағдайдағы, Сенттың тұтас Паарламент атынан өкілдік ететін жәйтті
қоспаймыз. Әлемдік тәжірибеде Үкіметті құру мен тарқатуға саяси күштерді
ескеру мақсатында тек Парламенттің төменгі палатсын ғана тартады. Сондықтан
да алдағы уақытта осы олқылықтарды жою немесе ұтымды пайдалану сұрақтарын
заң не дәстүр (конституциялық) тұрғысынан реттестіру қажет деп санаймыз.
3. Сенім және сенімсіздік білдіру (вотумы).
Үкіметтің Парламент алдындағы саяси жауапкершілігі рәсімдік
ерекшеліктерге орай екіге бөлінеді:
1) Сенім білдіру және
2) Сенімсіздік білдіру (вотумы).
Сенім білдірудің негізгі ерекшелігі, ол тікелей Үкіметтің белсенді
әрекетінен туындайды. Қазақстан Республикасында сенім білдіру туралы
сұрақты әдетте Үкімет келесі жағдайларда қояды:
1) жаңа сайланған парламенттің төменгі Палатасы алдында өз қызметін
жалғастыру үшін
2) Үкімет ұсынған заң жобасы қайтарылғанда, саяси ықпал ету шарасы
ретінде.
Бірінші жағдайда үкімет саяси кіріптарлықта болады, себебі Парламент
өз Үкіметін құруға ынталы болуы мүмкін. Ал екінші жағдайда рәсімдік және
саяси тұрғыдан күрделілеу. Мәселен Үкімет енгізген заң жобасының
қабылданбауын байланысты Премьер – Министр Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе
бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз
сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс
палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын ала-
алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда
Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. Мемлекеттік
билік тармақтары арасында келіспеушіліктер орын алса әрі ол мемлекеттің
дамуына кедергі келтіріп тежеуші күшке айналу қаупі төнсе Президент
Парламенттің Палата төрағаларымен және Премьер – Министрмен ресми
консультациялар алысқаннан кейін Парламентті не оның төменгі Палатасын
сайлау күнін белгілей отырып тарата алады. Парламент депутаттары немесе
фракциялар үшін Парламенттің таратылып жіберілуі тиімсіз және олардың
келесі сайлауда депутаттық мандатқа ие болуы да екіталай дүние. Сондықтан
Үкіметке саяси ахуалды тиімді пайдалану арқылы өзіне қажетті заң жобасын
қабылдату мүмкіндігі бар. Дегенмен мұндай саяси мүмкіндік шын мәнінде
Үкіметтің саясатын және бағдарламасын нақтылай іске асыру үшін объективті
қажеттіліктен туындауы да мүмкін. Сондықтан заң бекітуші аталған мән жайды
ескере отырып Конституцияда сенім білдіру құқығын Үкіметтің бір жылда
екіден артық пайдалана алмайтындығын шартты түрде бекіткен. Тәуелсіз
Қазақстан жағдайында Үкімет ұсынған Жер туралы заң жобасын өткізу үшін
2001 жылы Премьер – Министр И.Тасмағамбетов Парламентке сенім білдіру
мәселесін қойды. Парламентте дауыс беру нәтижесі сенім білдіру туралы
сұрақты қанағаттандырды [18].
Сенімсіздік білдіру немесе сенімсіздік вотумы – үкіметтің саяси
солидарлы жауаптылығын көздейтін парламенттег саяси күштрдің (оппозициялық-
азшылық және көпшілік) бастамашылығымен іске асатын бақылау функциясының
ерекше парламенттік процедурамен рәсімделетін формасы.
Сенімсіздік білдіру негізінен тікелей демократия жолымен сайланатын
төменгі палатаның өкілеттігіне жатқызылады және әдетте саяси жүйесі дамыған
елдерде оппозициялық азшылықтың бастамасымен саяси күштерді құқықтық
тенестіру және тежеу тетігі ретінде көтеріледі. Қазақстан Республикасы
Конституциясына сәйкес сенімсіздік білдіру институты Қазақстанда келесі
тәртіпте іске асады: Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік
даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің
бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
Сенімсіздік білдіру үшін қажетті Мәжілістегі 107 депутаттың 51
бастамашылығы – 22 депутаттан кем болмауы тиіс әрі сенімсіздік вотумы 54
депутаттың қолдауына ие болғанда ғана Үкіметті орнынан кетіре алады.
Әлемдік тәжірибеде әдетте сенімсіздік білдіру парламенттік азшылықпен
(оппозициямен) ғана қозғалатынын ескерсек Қазақстандағы саяси жүйенің
пісіп жетілмегенін немесе конституциялық рәсімнің қабілетсіздігін кемшілік
деп тануымызға тура келеді. Сондықтанда Конституция нормалары тікелей іске
асуы және алдына қойылған мақсатты игеруге заңи тұрғыдан қабілетті болуы
үшін сайлау туралы заң актілері қайта тәртіпке келтірілуі тиіс. Мұндай шара
Конституцияның үстемдігін орнатқан болып табылады. Партиялық жүйе жақсы
жолға қойылған деп есептелетін дамыған мемлекеттердің өзінде сенімсіздік
білдіру бастамашылығын көтеру рәсімі неғұрлым жеңілдетілген формаға ие.
Мәселен Испанияның 1978 ж.қабылданған Конституциясының 112-113-бб. Конгресс
депутаттарының оннан бір бөлігімен сенімсіз вотумы туралы бастама көтеруі
және үкімет төрағасының орнына келетін үміткерді ұсыну жүзеге асырылады.
Сондай-ақ сенімсіздік білдіру мен қатар Үкіметтің тұрақтылығын қамтамасыз
ету және негізсіз саяси дағдарыс туындамас үшін көптеген мемлекеттерде
конструктивті вотум рәсімі қабат қолданылады, яғни жұмыс істеп жатқан
үкіметті орнынан кетіру үшін алдын-ала жасақталған өз үкіметін ұсынуы тиіс.
ХХ ғ.екінші жартысында қабылданған көптеген елдердің негізгі заңдарында бұл
талап кең қолданысқа ене бастады. Мәселен ГФР-ның 1949 ж.қабылданған
негізгі заңында орын алған.
Сондай-ақ Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін
Парламенттің бірлескен отырысында бекітпеуі Парламенттің Үкіметке
сенімсіздік білдіргенін көрсетеді. Мұны сенімсіздік білдірудің белсенді
түріне жатқызуға келмейді. Себебі бюджеттің орындалуы туралы есеп Үкіметпен
мерзімді түрде беріліп отырады. Сондықтан да сенімсіздік білдірудің өзін
мәніне қарай екі түрге бөліп қарастыру керек: [19].
1. белсенді және
2. бәсең.
Белсенді сенімсіздік білдіруге мерзімсіздік яки аяқ астылық тән болса,
бәсең сенімсіздік білдіруге мерзімділік тән. Сондай-ақ бәсең сенімсіздік
білдірудің пәні тек республикалық бюджеттің орындалмауы немесе тиісті емес
дәрежеде орындалуы туралы сұрақ қана болса, белсенді сенімсіздік білдіру
үкіметтің саяси немесе құқықтық жауаптылығын көздейтін кез-келген сұрақ
бола лады.
4. Интерпелляция. Депутаттық сұрау салу және сұрақ беру.
Интерпелляция (латынша interpellation – прерывание речи — сөзін
бұзу) негізінен шектелген монархиялы және парламенттік республикаларда
кездеседі, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда да (парламенттік-
президенттік республикаларда) орын алатын бақылаудың пәрменді нысаны.
Үкімет мүшелеріне депутаттық сауал салудың қорытындысы бойынша үкімет
мүшесінің жауабын жалпы отырыста дауысқа салу және баға беру арқылы
жауаптылыққа тарту интерпелляция рәсімі болып табылады. Жауаптылыққа
тартудың формалары тұтасты Үкіметке не оның мүшесіне сенімсіздік
білдіруден, сондай-ақ парламенттік тергеуден көрініс табады.
Қазақстанда интерпелляция рәсімі қолданылмайды. Себебі депутаттық
сауалдың қорытындысы бойынша Үкіметті не оның мүшесін орнынан кетіру сияқты
заңи не саяси салдар тудыратын мүмкіндік заңи тұрғыдан бекітілген.
Қазақстан Республикасының депутаттық сауал Параламент Палаталардың
бірлескен және бөлек отырысында палата депутатының мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдарына депутаттық сауал салынған Парламент Палаталарының
тиісті отырысында сол органның немесе лауазымды адамныңқұзыретіне жататын
мәселелер бойынша негізді түсінік беруін немесе көзқарасын баяндауын ресми
талап етуі болып табылады. Парламент Палаталарының депутаттары Премьер-
Министр мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банктің Төрағасына, Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы мен мүшелеріне, Бас прокурорға, Қазақстан
Республикасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне сауал
қоюға құқылы. Бұл орайда Бас прокурорға салынған сауал қылмыстық қудалау
міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты болмайды. Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Төрағасына салынған сауал Палатаның жабық
отырысында қаралады. Сауал жазбаша түрде енгізілуі мүмкін және Парламенттің
немесе Палатаның отырысында жария етілуге тиіс.
Сауал салынған адам сол кезде отырыс залында отырған болса, сауал
соның өзіне (немесе оның өкіліне) тікелей беріледі. Басқа жағдайлардың
бәріне депутат отырыста жарияланған сауалды Палата Аппараты ол жарияланған
күннен бастап үш күн жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның
тиісті лауазымды адамына жібереді. Сауалға қайтарылған жауап пен оны
талқылау нәтижелері бойынша Парламенттің немесе тиісті Палатаның қаулысы
қабылданады. Депутаттық сауалдар тәжірибеде әдетте көп қолданылады. Мәселен
2009 жылдың 2 қыркүйегі мен 2010 жылдың 1 ақпаны аралығында төртінші
шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенттінің екінші сессиясында Мәжіліс
депутатттарымен мемлекеттің лауазымды тұлғаларына 261 депутаттық сауал мен
жолдау жолданған. Олардың бағытталу тәртібі келесідей: Қазақстан
Республикасы Президентіне -1, Премьер-министрге-146, Министрлерге-72, Бас
прокурорға-24, ҚазМұнайГаз-дың Президентіне-1, НұрОтан ХДП-ның бірінші
орынбасарына -1, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына-1,
Қазақстан даму Банкінің төрағасына-1, Қазақстан Республикасының
экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен қарсы күрес жөніндегі
Агенттің төрағасына-4 және т.б. мемлекеттік органдардың лауазымды
тұлғаларына бір-екеуден жолданған.Қарап отырғанымыздай депутаттық
сауалдардың басым бөлігі Премьер-Министрге бағытталған. Депутаттық
сауалдарын нақты сала бойынша жаупты әрі құзырлы министрлерге жолданғаннан
көрі,жалпы басшылық пен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыратын Премьер-
Министрге бағытталғанды жөн санайды. Мұндай тәжірибенің қалыптасуы
депутаттық сауалдың пәрменділігіне кері әсерін тигізеді. Себебі Премьер-
Министрге бағытталған депутаттық сауалдың басым көпшілігі нақты мәселені
шешуден көрі жалпы сипаттағы сұрақтарды көтереді. Сондықтанда Палата
Аппараты депутаттық сауалдың мазмұнына қарай қандай құзырлы органға
бағытталуы керектігін анықтаудың ортақ тіртібін белгілеуі тиіс. Депутаттық
сауалдың қорытындысына қанағаттанбаған жағдайда сауал бағытталған лауазымды
тұлғаны қандайда бір жауаптылыққа тарту мәселесі басы ашылмаған сұрақтың
бірі. 2012 жылы депутат Д.Н.Назарбаева депутаттық сауалмен Премьер-
Министрдің орынбасары- Экономика және бюджеттік жоспарлау Министріне 2010-
2015жж. арналған Қазақстан Республикасынң ауылдық жерлерді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірінші кезеңін іске асырудың нәтижелерін
пысықтауды талап етіп қайта жолданды. Сондай-ақ депутат Н.С.Сабильяновтың
мемлекеттік тілде жолдаған депутаттық сауалына берілген Қоршаған ортаны
қорғау Министрлігінің жауабын грамматикалық және стилистикалық
қателіктердің орын алуы себепті ақпараттың мәні өзгерді деген негіз бойынша
қабылданбады. Сондықтанда депутаттық сауалға берілген жауап
қанағаттандырмаған жағдайда жауаптылыққа тартудың негіздері анықталуы тиіс.
Сұрақ қоюдың тәртібі өзгешелеу және сауал салуға қарағанда пәрменділігі
төмен. Парламент депутаты Палаталардың бірлескен және бөлек отырысында
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттық
Банкінің Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелеріне,
Бас прокурорына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен
мүшелеріне ауызша сұрақ қоюға құқылы. Жауап осы отырыста , ал жауап
қайтаруға қосымша дайындалу қажет болған жағдайда-үш күн мерзімде
қайтарылады. Сұрақтар бойынша жарыссөз өткізілмейді және түсініктеме
бермейді.
5.Парламенттік тергеу.
Парламенттік тергеу тек парламенттік республикаларда (ГФР,Италия),
сонымен қатар президенттік (АҚШ) және жартылай президенттік республикаларда
да кездесетін парламенттің … жалғасы